Қазақстандағы GWM POER старты: табиғатқа қамқорлықтан басталған тест-драйв
«Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін, HAVAL, TANK және GWM брендтері бар Қазақстандағы Great Wall Motor (GWM) ресми импортері өткен демалыс күндері экологиялық сенбілік өткізді. Акция GreenUp қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Алматы облысындағы Іле-Алатау ұлттық паркінде орналасқан Түрген шатқалының аумағында өткізілді.

Түрген шатқалындағы экологиялық сенбілікке қатысушылар. Фотосурет: «Астана Моторс»
Экологиялық сенбілік Қазақстанның ең көрікті жерінде 110-ға жуық адамның қатысуымен өтті, олардың арасында журналистер, инфлюенсерлер, экоактивистер, дистрибуция мен Алматы дилерлік орталықтары қызметкерлері отбасыларымен болды. Эко-акция өтетін жерге команда сонымен қатар алты GWM пикапымен: GWM Poer, Wingle 7, King Kong Poer модельдерімен жетті.
Түрген шатқалы – өзіндік төл табиғатын сақтаған, флора мен фаунаға бай сарқырамалары бар көркем жер. Жаз мезгілінде оған мыңдаған туристер келіп, адамдардың демалуының салдарынан — қоқыс пен ластануға жиі тап болады. Қолғап пен қоқыс дорбаларымен қаруланған қатысушылар аймақты бірнеше сағат бойы бөтелкелерден, сынған шыныдан, пайдаланылған пакеттерден, пластиктен, қағаздан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

Экологиялық сенбілік кезінде қоқыс жинау процесі. Фотосурет: «Астана Моторс»
«GWM әрқашан табиғатты қорғау бастамаларын қолдайды. Міне, бүгін біз табиғатты қорғауға үлес қосу және қоршаған ортаның ластануы мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару үшін GreenUp қорындағы достарымызбен бірге экоакция өткізуді шештік. Қазір демалыс маусымының қызып тұрған кезі. Түрген шатқалына адамдар таза ауада, көркем табиғат аясында демалу үшін отбасыларымен, өз ортасымен келіп, арттарынан қоқыс қалдырып, ортақ табиғи байлығымызды сақтау керек екенін ұмытып кетіп жатады. Біздің бұл акциямыз басқаларды шабыттандырса, қуанамыз», - деді Haval Motor Kazakhstan дистрибуциясының директоры Эдуард Кузнецов.
Сенбілік кезінде жол талғамайтын көліктердің мүмкіндіктері бар GWM Poer, Wingle 7 және King Kong Poer тиімді пикаптары сенімді көмекшілерге айналды. Оларға алдын ала сұрыпталған жүздеген қоқыс пакеттері салынды. «Таза» қоқысты (пластик, полиэтилен және т.б.) қайта өңдеу үшін арнайы қабылдау орындарына жеткіздік, ал қалған қоқысты (тамақ қалдықтары, пайдаланылған қағаз сүлгілер және т. б.) кәдеге жарату үшін тапсырдық.

Экологиялық сенбіліктің жас қатысушылары. Фотосурет: «Астана Моторс»
Барлық пикаптар кең жүк бөлімімен ерекшеленетінін, ал кейбіреулерінде қорғаныс жабыны және жылжымалы аяқ басқышы бар екенін айта кету керек. Барлығының жүк көтергіштігі айтарлықтай жоғары. Әрбір модель 975 кг-ға дейін жүк тасымалдауға қабілетті, бұл бір тоннаға жуық жүк. Сондықтан сенбілік кезінде қоқысты тасымалдауда ешқандай мәселе туындаған жоқ.
Сонымен бірге экологиялық сенбілікке қатысушылар рамалық пикаптар класындағы брендтің позициясын нығайтқан және модельдер қатарына енген GWM Poer жаңа моделін тестіден өткізе алды.

GWM пикаптары. Фотосурет: «Астана Моторс»
«Сенбілік мен үшін барынша пайдалы өтті. Мен экологиялық акцияға қатысып, біздің әдемі табиғи қорық аймағымызды аз да болса тазаладым. Сондай-ақ жолда GWM Poer автокөлігін сынақтан өткіздім. Тасжолда мінсіз екен. Жолсыз жерлерде де жақсы жүреді. Таулы жерлерде өзін өте батыл, сенімді ұстайды. Мен оны белсенді демалысты жақсы көретіндерге батыл ұсынар едім», - деп өз әсерімен бөлісті блогер Куатбек Джонельбаев.
Дистрибуцияда жаңа автокөліктің тек мобильді және салауатты өмір салтын ұстанатындарға ғана емес, сонымен қатар бизнеске, әсіресе агро, құрылыс саласындағы, өндіруші саладағы және т.б. бизнеске бағытталғанын айтады. Өйткені GWM Poer – толық өлшемді, 3230 мм дөңгелекті рамалық пикап. Оның ұзындығы 5416 мм, ені 1947 мм, биіктігі 1884 мм құрайды. Сондай-ақ ол кез келген қиындықты еңсере алады.

GWM Poer пикапының салоны. Фотосурет: «Астана Моторс»
Пикаптың интерьері жайлы. Декорацияда қоңыр реңкті сәндік қондырмалар бар. Басқаруға ыңғайлы болу үшін руль жылытылады және шығып тұруы және биіктігі бапталады. Салон цифрлық бақылау тақтасымен және мультимедиялық кешеннің 12,3 дюймдік экранымен жабдықталған. Орталық консольде қозғалыс режимін таңдау селекторы, физикалық басқару батырмалары, шыныаяқ ұстағыштар және зат салатын боксымен шынтаққойғыш бар. Алдыңғы орындықтарда желдету жүйесі бар, ал артқы орындықтарды ыңғайлы шынтаққойғышпен ортасынан бөлуге болады, екі USB ағытпасы мен климат-контроль жүйесінің дефлекторы бар.
Сонымен қатар, пикап алуан түрлі функциялары бар интеллектуалды қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған, қауіпсіздік жүйесі жүргізушіге автокөлікті максималды басқаруды қамтамасыз етеді және жолда, әсіресе ұзақ сапарларда сенімділік береді. Бейімделетін круиз-контроль, кептелістегі және артқа жүріс кезіндегі қозғалыс көмекшілері, жолақта ұстауға және жол белгілерін тануға көмектесу жүйелері, ашық есік туралы ескерту, автоматты шұғыл тежеу жүйесі және т.б. бар. Сондай-ақ «ақылды жалтару» (Smart Dodge) функциясы, көтерілуге және түсуге көмек көрсету жүйелері, «көрінбейтін аймақтарға» мониторинг жүргізу бар. Сонымен қатар автокөлігінде 6 қауіпсіздік жастықшаларымен жабдықталған.

GWM Poer пикап. Фотосурет: «Астана Моторс»
GWM Poer капотының астында 218 ат күші бар жаңа 2 литрлік турбо қозғалтқыш орнатылған. Бензин қозғалтқышы қолмен ауысу мүмкіндігі бар 8 сатылы ZF автоматты беріліс қорабына сәйкес келеді. Толық жетекті жүйесі (TOD) бар. Максималды айналу моменті 380 НМ, диапазоны 1800-ден 3600 айн/мин құрайды. Бұл қозғалыстың біркелкілігін және қажетті сәтте жылдамдықты үдетуді қамтамасыз етеді. Пикап 165 км/сағ дейін жылдамдықпен жүре алады. Бұл ретте отын шығыны 100 км жолға 10,6 литр құрайды. Тереңдігі 500 мм дейін су өткелін еңсере алады.
GWM Poer Қазақстанда 5 түсте: сұр, қара, ақ, қызыл және көк түсте қолжетімді. Құны 18 790 000 теңгеден басталады. Жаңа Poer Қазақстанда ұсынылған өз сыныбындағы үшінші модель болды.
Барлық пикаптар бүкіл еліміз бойынша 27 GWM HAVAL дилерлік орталықтарында қолжетімді, онда сіз қажетті ақпаратты біліп, қаласаңыз, тестіден де өткізе аласыз. Haval Motor Kazakhstan сайтынан немесе байланыс орталығына 7007 нөмірі арқылы телефон соғып, модельдер туралы қосымша мәлімет ала аласыз.
2025 жылдың соңына дейін Алматы қаласында пикаптардың кейбір модельдерін шығару жоспарланып жатқанын айта кету керек. Бұдан басқа, құрылысы мәре кезеңінде тұрған Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытында HAVAL және TANK автокөлік брендтерін шығару жолға қойылады.