Қазақстанда өндірілген жаңартылған Haval H6 сатылымы басталды

Astana Motors құрамындағы Haval ресми дистрибьюторы жаңартылған Haval H6 Қазақстанда сатып алуға қолжетімді болғанын хабарлайды.
Haval H6 – Қытайдағы ең танымал орташа көлемді отбасылық кроссоверлердің (C-SUV) бірі, бұл модель көптеген жылдар бойы сегментте көшбасшылықты сақтап келеді. Модель жаңартылған дизайнға ие болды, қуаттырақ әрі технологиялық тұрғыда жетілдірілді, ең бастысы – Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында жергілікті өндіріс іске қосылып, мультимедиа мәзіріне қазақ тілін енгізу арқылы қазақстандық сатып алушыға одан да жақын болды.
Модель салонның жоғары сапалы әрлеуімен және жақсартылған шу оқшаулауымен ерекшеленеді.

Haval H6 автокөліктің заманауи мінезін айқындайды. Жаңа талғампаз трапеция тәрізді радиатор торы, мәнерлі күндізгі жарық шамдары бар біріктірілген алдыңғы оптика блогы және жаңартылған артқы шамдар сұлбасын кең әрі әсерлі етті, ал 19 дюймдік дөңгелектер спорттық екпінді күшейтеді.
Қазақстанда Haval H6-ның бес орындық нұсқасы ұсынылған. Өлшемдері сәл өсті: ұзындығы 50 мм-ге және қазір 4703 мм-ге жетті, бұл салондағы кеңістікке және жүксалғыштың көлеміне оң әсер етті – 560 литр болды. Автокөліктің ені - 1 886 мм, биіктігі 1 730 мм. Дөңгелек базасы 2 738 мм құрайды.

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытындағы жергілікті өндіріс автокөлікті еліміздің климаттық ерекшеліктері мен нақты жол жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік берді.
Haval H6 6 жүргізу режимі бар интеллектуалды трансмиссиямен жабдықталды: стандарт, үнемді, спорт, қар, құм және жолдан тыс DCT технологиясымен, бұл өндіруші GWM-нің өздік Know-How әзірлемесі болып табылады, ол жанармай шығынын азайтуға, атмосфераға СО₂ шығарындыларын төмендетуге және автокөліктің динамикасын арттыруға мүмкіндік береді. Сатып алушыға екі турбо қозғалтқыш қолжетімді болады: Қуаты 184 а. к. болатын 1.5T және 238 а. к. күші бар 2.0 T Екі нұсқа да төмен айналымдарда жоғары тартуды сақтай отырып, одан да өнімді болды. Н6-да Borg-Warner-дың толық жетекті жүйесі, 6-шы буынның Haldex муфтасы қолданылды.

"Жаңартылған Haval H6 - көптен күтілген жаңалық, бұл жоғары технологиялық және ыңғайлы "отбасылық" кроссовер. Биылғы жылдан бастап модель біздің Алматыдағы зауытымызда шығарылып жатқанына мақтанамыз. Негізгі жақсартулардың бірі - қазақ тілін енгізу. Мультимедиалық жүйенің интерфейсі енді қазақ тіліндегі мәзірді қамтиды. Кеңейтілген 14,6 дюймдік экранмен және жаңартылған орталық консольмен бірге жүйе интуитивті және ыңғайлы болды", – деп атап өтті Haval Motor Kazakhstan бас директоры Эдуард Кузнецов.
Қауіпсіздік пен жайлылық технологиялары да жаңартуда маңызды орынға ие болды. 360° шолу камерасы (560) мөлдір капот функциясымен бірге автокөліктің айналасындағы кеңістіктің егжей-тегжейлі бейнесін береді, тұрақта және жолдың тегіс емес бөліктерінде сенімді бұлтарыс жасауға көмектеседі. ADAS екінші деңгейлі кешені жүргізушіге көмек көрсететін жиырмадан астам функцияларды ұсынады, ұзақ сапарларда жүктемені азайтады: автокөлікті жолақта ұстайды, қашықтықты бақылайды, «соқыр» аймақтарды қадағалайды және тұраққа қоюға көмектеседі, сапарларды айтарлықтай қауіпсіз әрі жайлы етеді. Тоғыз динамигі бар премиумдік акустикалық жүйесі жабдықтандыруды толықтырады.

Haval H6 бағасы 11 890 000 теңгеден басталады. Автокөлікке алғаш рет алты жылдық кепілдік беріледі (немесе 200 000 км, қайсысының ертерек болатынына байланысты).
Толығырақ - Қазақстандағы Haval ресми дилерлік орталықтарында ( https://haval-motor.kz/ru/models/suv/teaser-facelift/ ) және 7007 нөмірі бойынша.