ЭКСТРЕМАЛДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҚАУІПСІЗ ЕТУГЕ ҮЙРЕТЕМІЗ

6 мамыр күні "Subaru Motor Astana" дилерлік орталығында "Subaru and Borodin Driving Academy" - Экстремалды жүргізуді қауіпсіз етуге үйретеміз" курсының жаңа маусымы басталады.

Қазақстан Республикасы автомотоспорт федерациясының вице-президенті (ҚР АМСФ), экстремалды жүргізу мектебінің негізін қалаушысы, Астана Моторс компаниясы "Дала бөрілері" командасының басты пилоты, автокөлік кроссы, ралли бойынша ҚР бірнеше дүркін чемпионы Владимир Бородин теориялық және практикалық білім алуға ниет білдіргендердің бәріне арнайы курс өткізді.

Екі күн бойы 30-ға жуық адам қозғалыстың жүргізушісі мен оның машинасы үшін ең қауіпті және күрделі болып саналатын жаңбырлы ауа райында жүру ерекшеліктерін, жолдың нашар көрінуі салдарына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті ережелерін меңгерді. "Сізді қарсы келе жатқан көліктің шамы кедергі етсе, не істеу керек?", "жүйелері мен опциялары бар автомобильді қалай басқару керек?" деген сұрақтарға жауап тауып, Subaru автомобильдерін қауіпсіз жүргізу тақырыбына назар аударды.

Барлық қатысушылар теория курсын аяқтағаннан кейін, жеке тәжірибе курстарына жазылды. Көшпелі курстар, басқаша айтқанда тест-драйв, Астана қаласынан шыға берістегі Алаш тасжолындағы арнайы автодромда өткізілді. Сынақ әртүрлі жағдайда өтіп, әркім тосқауылдарду жеңуді үйрену мүмкіндіктеріне ие болды. Мұнда курсанттар екінші буынды Subaru XV және жаңартылған Subaru Outback автомобильдерін сынау мүмкіндігіне ие болды.

Сәнді, жоғары технологиялық кроссовер Subaru Outback жаңартылған радиатор торшасына, алдыңғы бампер дизайны мен шамдарының арқасында сыртқы түрі бұрынғыдан да агрессияшыл бола түсті. Енді Premium жиынтығындағы жаңартылған Outback көлігінде люк қарастырылып, сонымен қатар жүргізушінің ыңғайлылығы үшін алшақ шамды автоматты түрде басқару жүйесі, автомобильдің артқы жағындағы кедергіні анықтау жүйесі және алдыңғы мен бүйірлік камераларын қамтитын премиалды Advanced Package пакеті ұсынылған. Сондай-ақ Premium жиынтығындағы жаңартылған Subaru Outback көлігінің негізгі алты функциясы бар EyeSight атты жүргізушіге көмек көрсету жүйесімен қамтамасыз етілген: бейімделген круиздік бақылау, авариялық-төтенше тежеу, жолдан ауытқу туралы ескерту, жолақтардағы жорту туралы ескерту, автокөліктің алдыңғы жағындағы көліктің қозғалуы туралы ескерту және үдеткіштің басқару. Жаңартылған Outback шудан бұрынғыдан да жақсы оқшауланған, қайта бапталған аспасымен және рульдің жаңартылған электр нығайтқышымен жабдықталған. Автомобильге 8-дюймдік сенсорлық дисплей және 3-ші буынды Subaru StarLink жаңартылған мультимедиалық жүйе орнатылды.

Курстың соңында қатысушыларға сертификаттар берілді. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар әлеуметтік желілерде және әңгіме барысында көптеген оң пікірлерін қалдырды. Оң эмоцияларымен бөліскен қатысушылардың бірі Әсет Рахымов: "Керемет ұйымдастырылған тест-драйв үшін және экстремалды жүргізу теориясына алғысым шексіз! Өте қызықты өтті! Eyesight жүйесі ағынға өтуді жеңілдетеді! Жалпы айтқанда да жаңа Subaru Outback өте тамаша көлік!". Әлібек Жиенбаев есімді келесі қатысушымыз осындай пост жариялады: "Бұл экстемалды жүргізудің естен кетпес шеберлік сабағы болды! Владимир Бородинмен шаңын шығарып көлік жүргізу мүмкіндігіне ие болдым! @subaru.kazakhstan және @borodin_driving_schoolkz ұмытылмас әсер үшін алғыс айтамын!!! Егер де барлық автосалондарда әдеттегі тест-драйвтың орнына осындай шеберлік сабақтар жүргізілсе, қандай көліктердің жақсырақ сатылатынын кім білсін".

Бұл курстың бағдарламасы жаңадан үйреніп жүрген және кәсіби жүргізушілердің жаңа қозғалыс техникасын үйрене алатындай, тиімді көлік жүргізу дағдыларын меңгеріп, оң эмоциялардың зарядына ие болатындай етіп жасалған.

Маусым айында дәл осы курстар Алматыда өтетінін атап өткен жөн. Содан кейін Қазақстанның басқа аймақтарында курс өткізу туралы шешім қабылданады.