Hyundai Trans Kazakhstan автомобильдермен бірге тарихты жасауда

Hyundai Trans Kazakhstan зауытының толық циклде жұмыс істеп жатқанына бір жылдан асты. Жаңа кәсіпорын Алматының Индустриалды картасында пандемия кезінде пайда болған еді.

Зауыт аз уақыттың ішінде елдегі ең танымал нысанға айнылып, жұртшылықтың назарын өзіне аударып үлгерді. Біз кәсіпорынға барып, Қазақстанда Hyundai халықаралық брендінің көліктері қалай жасалып жатқанын өз көзімізбен көріп қайттық. 

Жаһандық мақсатқа бір табан жақындай түсті

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Алматының Индустриалды аймағында 34 мың шаршы метрді алып жатыр. Кәсіпорын 2020 жылдың қазан айында ресми іске қосылды. Негізі зауыт өткен жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеп келеді. Айта  кетейік, Hyundai Trans Kazakhstan – автокөліктерді сату және қызмет көрсету саласында 30 жылдық тәжірибесі бар "Астана Моторс" компаниясының еншілес кәсіпорны. Жеңіл автокөліктер өндірісі "Астана Моторс" үшін жаңа тарау болды.

Hyundai Trans Kazakhstan Hyundai-нің - Accent, Creta, Tucson, Sonata, Elantra, Santa Fe және Palisade сынды жеті моделін шығарады. Соның ішінде Hyundai Accent көлігін дәнекерлеу және бояу арқылы жасайды. 2022 жылы алматылық автомобиль зауыты Hyundai Tucson көліктерін ұсақ торапты әдіспен шығаруды бастайды, компания қазірдің өзінде кроссоверді дәнекерлеуге және бояуға арналған технологиялық жабдықтарды орнатуға дайындық жұмыстарын  жүргізуде. Осылайша, Hyundai Trans Kazakhstan өндіріс аумағын кеңейтіп, еліміздегі машина жасау саласын дамытып келеді. Қазіргі уақытта "Астана Моторс" тағы бір маңызды жоба – автокөліктерге арналған бөлшектер шығаратын зауыт құрылысын жүзеге асыруға кірісіп жатыр.

Hyundai Trans Kazakhstan компаниясының тарихы 10 қызметкерден басталды, бүгінде компания ұжымында 700-ден астам адам бар, олар тек Алматы және Алматы облысының тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қостанай, Талдықорған, Шымкент қалаларынан келген жандар.

Кәсіпорын құрамына әртүрлі бөлімдер, департаменттер мен басқармалар кіреді. Өндірісте зауытқа келіп түсетін бөлшектер мен материалдарды қабылдайтын және оларды өндіріске дайындайтын іріктеушілер, дәнекерлеу, шанақтарды, пластмасса бөлшектері бояу мен құрастыру цехының мамандары, көліктердің сапасын бақылаушылар, конструкторлық-технологиялық басқармасының қызметкерлері және метрология басқармасы, бухгалтерлік және әкімшілік қызметкерлер еңбек етуде. Кәсіпорынның жеке экология маманы және өртке қарсы құрал-жабдықтармен жабдықталған арнайы көлігі һәм өртке қарсы қызметкері бар.

Зауыт жұмылған жұдырықтай болуы үшін бірге, үзіліссіз жұмыс істеу маңызды. Сондықтан өндірістік қызметкерлер екі ауысымда жұмыс істейді: 8.00-ден 17.00-ге дейін және 17.00-ден 2.00-ге дейін. Барлық қызметкерлер тегін тамақпен, "үй-жұмыс-үй" арасындағы көлікпен қамтамасыз етіледі, спорт алаңдары ұйымдастырылған, душ және демалыс бөлмелері де ескерілген. Жұмысқа келгеннен кейін жұмысшылар киімдерін ауыстырып, өз бекеттеріне кетеді. Жүк көтергіш, көлік тасымалдаушылар, сынаушы жүргізуші сияқты қауіптілігі жоғары техникаларда жұмыс істейтіндер міндетті түрде ауысым алдында денсаулық сақтау маманының тексеруінен өтеді.

Бірінші байлық денсаулық

"Астана Моторс" компаниясы үшін адам басты құндылық. Олар қашанда қызметкерлерінің денсаулығына ерекше көңіл бөледі, әсіресе пандемия кезінде бұл ұстаным бірінші кезекте болды. Hyundai Trans Kazakhstan зауытында екі кәсіби дәрігермен медициналық қызмет ұйымдастырылған. Денсаулықты қорғау жөніндегі менеджер Роза МУРЗАНОВА медицина саласында 20 жылдан астам қызмет етіп келеді, оның басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштерінде өткен.

Медицина қызметкерлері өндірісте денсаулықты сақтау және нығайту бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізеді, алғашқы медициналық көмек көрсетеді, зауытта, оның ішінде зауыт асханасында санитарлық-гигиеналық эпидемиологиялық жағдайды және т.б. мәселелерді бақылайды.

Бір қызығы, Роза Мурзанова кәсіпорынға зауыт құрылысы жүріп жатқанда келген қызметкерлердің бірі.

– Елде COVID-19 пандемиясына байланысты карантин жарияланғанда, жүрегім ауырып, түні бойы құрылысшылардың денсаулығын сақтау жолдары туралы ойладым. Әскери дайындығым, тәжірибем мен Республикалық жоғары медициналық колледждегі әріптес дәрігерлер мен оқытушылардың берген нұсқаулығы ойымды жинақтап, жауынгерлік рухымды шыңдауға көмектесті. Бұл мен үшін ең қиын кезең болды. Бақытымызға орай, 2020 жылғы індеттен аман шығып, бүгінде ел үшін маңызды рөл атқаратын зауыт салдық", - деп өз естеліктерімен бөлісті Роза Мурзанова.

"Астана Моторс" компаниясына кәсіпорын құрылысын дер кезінде жүзеге асыруға ең құнды нәрсе – қызметкерлердің денсаулығын сақтау мәселесіне саналы түрде қарау, коронавирустың алдын алу бойынша қатаң шараларды сақтау және тәртіпке бағыну көмектесті. Бүгінгі таңда Hyundai Trans Kazakhstan қызметкерлерінің 99 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алды, қалған  1 пайызының алмауға медициналық негізі бар.

Абырой бірінші орында

Кәсіпорында нарықта тапшы кәсіби мамандар дайындау және өсуі үшін барлық жағдай жасалған. Айта кету керек, зауыт кез келген жағынан заманауи - қазақстандық мамандар Оңтүстік Кореядан келген жабдықтарда жұмыс істейді. Ол жабдықтарды орнату процесіне оңтүстіккореялық 120 инженер мен Ресейден 6 маман қатысты.

 

Машина жасау саласында жұмыс істеу біліктілікті, жоғары жауапкершілікті және тәртіпті талап етеді. Зауыт жұмысшылары үшін бастысы нәтиже. Негізгі шарт - стандарттарды қатаң сақтау, өйткені сапа - бұл ең алдымен бренд беделі. Hyundai-ні халықаралық деңгейде мойындау және шетелдік әріптестермен өзара байланыс зауыт жұмысшыларын табысқа ынталандырады.

Hyundai Trans Kazakhstan зауытының жұмысшылары 1500-ге жуық технологиялық операцияны жүзеге асырады: болашақ көліктің шанағын дәнекерлеуден бастап зауыттан шыққанға дейін.

– Сағат 7.45-те цех басшылары учаскелердің бригадирлері, техникалық бақылау бөлімі және технологтарымен жоспарлау кеңесін өткізеді, – дейді бояу бөлімінің бастығы Николай ЖУРАВЛЕВ. – Өткен күннің қорытындысын талдап, жалпы мәселелерді талқылаймыз, одан кейін бес минут жұмыс басында боламыз. Солай ауысымды бастаймыз. Ауысым кезінде 15 минуттық үзіліс, зауыт асханасында кәсіпорын есебінен түскі ас беріледі. Ауысым соңында – жұмыс орындарын тазалап, қайтады.

Автокөліктің өмірі дәнекерлеу цехнан басталады, мұнда жұмысшылар Hyundai Motor Company компаниясының арнайы техникасын пайдалана отырып, автокөліктің алдыңғы, артқы бөліктерін, бүйір қабырғаларын, шатыр панельдерін және еденін дәнекерлейді. Содан кейін мұның бәрі негізгі кондукторға біріктіріліп, дәнекерлеу аяқталады. Содан кейін автокөлікке атау беріледі - VIN-код енгізіледі, есіктер, жүк салғыш қақпағы және капот орнатылады. Дәнекерлеу цехындағы барлық жұмыстардан кейін шанақ міндетті түрде сапаны бақылаудан өтеді.

"Біз әлемдік брендтің өнімдерін шығарамыз, сондықтан біздің қызметкерлердің басты міндеті – Hyundai Motor Company белгілеген барлық стандарттарды, технологиялық процесті, қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігін сақтау", - дейді дәнекерлеу цехының басшысы Руслан ЛУКПАНОВ.

Русланның айтуынша, әріптестер бос уақытында үстел теннисі немесе үстел футболын ойнап, кітапханада кітап оқи алады.

Кәсіпорында спортпен шұғылдануға арналған алаңдар, сондай-ақ баскетбол, футбол және волейбол алаңдары бар. Зауыттың өз футбол командасы құрылған. Салауатты өмір салтын сақтағысы келетіндердің барлығына компания фитнес-клубтар желісіне жазылуды ұсынады.

Зауыт жұмысшыларының жұмыс күндеріне оралайық. Шанақ дәнекерлеу цехынан бояу цехының дайындық желісіне, одан кейін катафорез желісіне өтеді. Шанақты дайындау желісінде тазалау, жуу, белсендіру, фосфаттау үшін 9 ванна бар. Катафорез желісінде 5 катафорез және жуу ванналары бар. Осыдан кейін шанақ кептіріліп, бояуға көшеді. Цех мамандары праймерді қолданады, содан кейін шанақ кептіріледі, содан кейін оған бояу, лак жағылады және қайтадан кептіруге жіберіледі. Енді боялған шанақ міндетті түрде сапа бақылауынан өтіп, құрастыру цехына жөнелтіледі.

- Цех қызметкерлері көлікті құрастыру жұмыстарын технологиялық процеске сәйкес және әрбір операцияға белгіленген белгілі бір уақыт аралығында жүргізеді. Құрастыру желісінде 3 секция бар: ТРИМ, ШАССИ, ҚОРЫТЫНДЫ.

ТРИМ (TRIM) - шанақтың ішкі элементтерін құрастыру, яғни интерьер, Шассиде (СHASSIS) олар шассидің элементтерін жинайды және орнатады, ҚОРЫТЫНДЫ (FINAL) кезінде түпкілікті құрастыру, оның ішінде әйнектер, шамдарды,  көлікті басқару блоктары, көлік жүйелеріне техникалық сұйықтықтары құю, электронды жүйелерді бағдарламалау сынды жұмыстар жасалады. Әрі қарай – міндетті сапаны бақылау, автокөліктің герметикалығын тексеру және сынақ алаңындағы міндетті сынақтан өткізу жүзеге асырылады, – деп процестің қыр-сырымен бөлісті құрастыру цехының басшысы Александр БАЙЕР. – Әр учаскеде құрастыру процесінің барысын, өндіріс технологиясының сақталуын, құрал-жабдықтар мен жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін, басқа да процестерді қадағалайтын бригадир бар. Автокөлік жасау процесі өз алдына қызық, қызметкерлер жұмыста уақыттың қалай өтіп жатқанын байқамайтынын айтады.

Үлкен жанұя

Hyundai Trans Kazakhstan-ның үлкен командасы үшін зауыт екінші отбасына айналған. Бұл жердегі құнды нәрсе – өз ісіне айналған қызықты жұмыс, тұрақтылық, ұйымшыл ұжым, заманауи автомобиль технологиялары саласындағы біліктілікті арттыру мүмкіндігі, шетелде оқу, бос уақытты тиімді өткізу, компанияның қолдауы, медициналық сақтандыру. Жақын арада зауыттың жеке отбасылық жатақханасы пайда болады. Айтпақшы, зауыт іске қосылғаннан бері 4 жұп отбасын құрып, 33 бала дүниеге келген. Зауыт жұмысшылары жемісті еңбек етуде деп айта аламыз. Олар өзара достасып, демалыс күндері бірге демалады – тауға шығады, балық аулауға барады, бас қосады.

Hyundai Trans Kazakhstan отбасында дәстүрлер мен кәсіби мектеп қалыптасып келеді. Hyundai Trans Kazakhstan зауытында Hyundai оқу орталығы жұмыс істейді, онда қызметкерлер Қазақстан, Ресей және Оңтүстік Кореядан келген жаттықтырушылармен біліктіліктерін арттырады. Уақыт өте олар алған білімі мен тәжірибесін жас буынға үйретіп, бөлісетін болады.

2021 жылы зауыт 30 мың көлік шығарады.

2022 жылы кәсіпорын 45 мың автокөлік шығарады,  автомобильдердің жалпы санының 70 пайызын Қазақстан нарығына, ал 30 пайызын ТМД елдеріне сату жоспарланған.

Компания қазірдің өзінде Өзбекстан мен Беларусь елдеріне көліктер экспорттауда. Уақыт өте келе экспорт географиясы кеңейе түседі.

Hyundai Trans Kazakhstan командасымен мақсат айқын, жұмысшы мамандардың құндылығын арттырып, отандық автоөнеркәсіпті дамытып, тарих жасай аласыз.

АЛМАТЫ 
Авторы: Марина Хегай 
Дереккөз:www.caravan.kz