Ғарышқа қарай: CHERY TIGGO 9 автокөлігімен Байқоңырға тест-драйв

CHERY командасы Байқоңыр ғарыш айлағына жолға шығып, флагмандық TIGGO 9 кроссоверін сынақтан өткізді. Тест-драйвқа әрі зымыранның ұшырылуын көруге және әрі танымал автокөлік брендінің жаңа моделін сынақтан өткізуге мүмкіндік алған блогерлер мен инфлюенсерлер қатысты.


Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-27» кемесінің ұшырылуы. Фотосурет: «Астана Моторс»

«Астана Моторс» құрамына кіретін Chery Kazakhstan дистрибуциясында биыл TIGGO 9 автокөлігінің және 2022 ж. TIGGO8 PRO MAX автокөлігінің Байқоңыр ғарыш айлағында тест-драйвтан өткізілуінің кездейсоқ еместігін атап өтті. Бұл кроссоверлерді автокөлік сарапшылары көбінесе әуе кемесімен салыстырады: екі модель де ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды әзірлейтін Honeywell компаниясының турбинасымен жабдықталған, ал салондағы жайлылық деңгейін әуе лайнерінің бизнес-класымен салыстыруға болады.

TIGGO 9 автокөлігі Қызылорда — Байқоңыр бағыты бойынша сынақтан өткізілді. Команда шамамен 500 км жол жүріп өтіп, CHERY-дің жаңа автокөлігінің барлық артықшылықтарын бағалады.

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-27» кемесінің ұшырылуы. Фотосурет: «Астана Моторс»

«Машинаның сапасын өзім тексеріп, көз жеткізуім үшін 500 км астам қашықтық жүрдім. Автокөлік маған ұнады. Үлкен, әдемі, кең кроссовер.  Айнала шолу жүйесі мен креслодағы массаждан бастап жолақта ұстау жүйелері мен соқтығысу туралы ескертулерге дейін керемет техникалық жабдықтар», - деді блогер Ержан Есімханов.

TIGGO 9 моделі CHERY - 2.0T GDI қозғалтқыштарының 4-ші буынымен жабдықталған және қуаты 245 а. к. дейін жетеді. CHERY модельдерінің ішінде бұл – автоматты 8-сатылы беріліс қорабымен және 20 дюймдік дөңгелектермен жабдықталған жалғыз көлік. Жеті орындық кроссовердің өлшемдері 4810*1925*1741 мм. 2-ші және 3-ші қатардағы орындықтар электр жетегімен жиналып, багаж бөлігін 2,1 шаршы метрге дейін кеңейтеді.


CHERY TIGGO 9 флагмандық кроссоверінің интерьері. Фотосурет: «Астана Моторс»

Тест-драйвқа қатысушылар ғарыш айлағына келіп, ғарышкерлер экипажы: С.Рыжиков, А.Зубрицкий және NASA ғарышкері Д.Киммен ұшатын «Союз МС-27» кемесінің ұшырылуын тамашалап, таңғаларлық эмоция алды.

«Астана Моторс» компаниясы мен CHERY автокөліктерінің арқасында 28 жасымда тағы бір арманым орындалды»,—  деп атап өтті блогер Малика Жексенбина.


Байқоңыр ғарыш айлағындағы CHERY TIGGO 9 тест-драйвына қатысушылар. Фотосурет: «Астана Моторс»

Ал тест-драйвтан кейін бірнеше күн өткен соң Астанада CHERY флагманының ресми тұсаукесері өтті, онда салтанатты жағдайда модельдің бірінші сатып алушысына кроссовер кілті табысталды.

«TIGGO 9 автокөлігіне қазақстандық тұтынушылар жоғары бағалайтынына сенімдімін, бұл модель ерекше назар аударуға лайық, - деді  Chery Kazakhstan дистрибуциясы директоры Нұрлан Шамгонов.  – «Жақын арада CHERY автокөліктері Алматыдағы мультибрендтік зауытта шығарылатын болады, оның ашылуы осы жылдың II тоқсанында күтіледі».


CHERY TIGGO 9. Фотосурет: «Астана Моторс»

CHERY Қазақстан нарығына 2021 ж. бастап ұсынылған. Қазіргі таңда 35 мыңнан астам брендтің автокөлігі сатылды. CHERY TIGGO 9 жаңа автокөлігі қазір еліміздің 19 қаласындағы 26 дилерлік орталықта сатылып жатыр. Бағасы 19 990 000 теңгеден басталады.