Нұрлан Смағұловтың Қоры Түркияға гуманитарлық көмек жіберді
Қайғылы жер сілкінісі мен оның артынша орын алған қуатты афтершоктар Түркияға орасан зор шағын келтірді. Табиғат апатының келтірген шығынын шамамен есептеуге талпыныс жасалып жатқан кезде ынтымақтастық елдері түрік халқына белсенді түрде көмек қолын созуда.
Қазақстандықтар да одан шет қалған жоқ және мемлекеттік деңгейдегі ресми көмекті қоспағанда, бизнесмендер мен азаматтар зардап шеккен аудандар үшін бірінші кезекте қажет керек-жарақтарды өз бастамасымен жинап жатыр. Түскі асқа берілген ақшасын зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсаған мектеп оқушысының оқиғасы бүкіл қазнетке тарады.
Бірқатар банктік қосымшаларда зардап шеккендерге қаражат жинауға арналған арнайы шоттар ашылған, сондай-ақ көмек қолын созғысы келетін жандарға Түрік және қазақ бизнесмендерінің қауымдастығы қолдау көрсетеді. Жиналған ақша қаражаты Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқарманың (AFAD) ресми шоттарына түседі. Елшіліктегілер дәл қазіргі сәтте ненің өте қажеттігі туралы сұратулардың күн сайын түсіп жатқанын хабарлайды.
Фото: Нұрлан Смағұловтың Қоры
Кеше әлеуметтік желілерде Нұрлан Смағұлов қайырымдылық қоры, «Астана Моторс» және MEGA Center Management компаниялары атынан Түркия еліне гуманитарлық көмектің жөнелтіліп жатқаны туралы репортаж қамтылған Әлішер Елікбаевтың бейнематериалы таралды.
Фото: Нұрлан Смағұловтың Қоры
Қор директоры Айдын Сұлтанов:
«Қордың басты идеясы – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту, алайда Түркияда осындай жан түршігерлік қайғылы жағдай орын алған кезде біз қалыс қала алмадық. Біз елшілікке сұрау салып, қажетті заттарды дәл тізімге сәйкес сатып алдық. Бұл қазір табиғат апатының тұтқынына айналған адамдардың берілмеулеріне көмектесетін заттар: бензин генераторлары, жылыту зеңбіректері, көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар…».
Фото: Нұрлан Смағұловтың Қоры
Мұқтаж заттар тиелген жүк көлігі 22 ақпанда Түркия Республикасы Бас консулдығының өкілдеріне табысталды.
Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының сауда атташесі Альпер Экрем Бозкурттың айтуынша, қазақстандықтардан гуманитарлық көмек тоқтаусыз келіп түсуде: «Қырық мыңнан астам адамның өмірін қиған қайғылы жағдай болған сәттен бастап кіші де, үлкен де: жеке тұлғалар, ірі және шағын фирмалар да бізге көмектесіп жатыр. Қазақстан халқы нағыз бауырластық танытты. Бүгін Нұрлан Смағұловтың қоры және «Астана Моторс» пен MEGA Center Management компаниялары 50 млн теңге мөлшерінде көмек көрсетіп отыр.
«Кімнің алыс-жақынын басыңа іс түскенде білерсің» деген сөз бар. Қиын-қыстау кезеңде қазақстандықтар бізге нағыз достықтың қандай болатынын көрсетті. Біздің еліміз мұны ешқашан ұмыпайды! Барша қазақстандықтарға тағы да алғыс айтқым келеді!».
Фото: Нұрлан Смағұловтың Қоры