“Астана Моторс” дилерлік орталықтар жұмысы і
“Астана Моторс” дилерлік орталықтар жұмысы іске қосылды 2022 жылдың 5 қаңтарында Алматыда тәртіпсіздіктер басталып, төтенше жағдай енгізілгендіктен, біз "Астана Моторс" дилерлік орталықтарының жұмысын тоқтаттық.
Қауіпсіздік мақсатында қызметкерлер эвакуацияланды, кеңсе техникасын шығардық, автокөліктерді қауіпсіз жерлерге жеткіздік, ал дилерлік орталықтардың күзеті күшейтілді.
Тәртіпсіздік кезінде қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ғимараттарға да залал тимеді. Бірақ қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні тонаушылар Hyundai Qalqaman және Subaru Haval Almaty ғимаратына кіруге әрекет жасаған, алайда олардың теріс пиғылдары нәтиже бермеді.
Hyundai Trans Almaty коммерциялық техника кәсіпорны және Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автомобильдер шығаратын зауыт күшейтілген күзетке алынды. Индустриялық аймақтағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытының аумағы бойынша тосқауыл қойылды.
Алматыдағы орталықтарды қоспағанда, 10 қаңтардан бастап "Астана Моторс" компаниясының Қазақстан бойынша дилерлік орталықтары жұмысын қайта бастады. Алматы қаласындағы автоорталықтар қызметін 12 қаңтарда бастауды жоспарлап отыр.
Дилерлік орталықтардың өзекті жұмыс кестесі және басқа да ақпаратпен 7007 телефоны бойынша "Астана Моторс" байланыс орталығында, сондай-ақ