Chery Kazakhstan ұйымдастырған Green Month акциясы: Алматының қарағай орманына ағаш егілді
Мамыр айының жаймашуақ таңында Chery Kazakhstan қызметкерлері, журналистер және инфлюенсерлер қала шетінде бас қосты. Әс-шараға келген әрбір қатысушыларға барлық қажетті жабдықтар, яғни қолғап, күрек және суаруға арналған шелек берілді.
Ағаш егу шарасына тығыз тамырлы үш метрлік көшеттер таңдалды. Мамандар көшеттердің жақсы өсуі үшін шұңқыр қазу, ағашты отырғызу және топырақты қалай дұрыстап тығыздау керектігін түсіндірді.
Қарағай орманында ағаш егу.
«Өз қолыңызбен ағаш отырғызған кезде, сіз қаланы басқаша қабылдай бастайсыз. Бүгінгі кішігірім әрекеттің өзі мыңдаған адамдар үшін маңызды нәрсеге айналатынын түсінесіз», - дейді Алматы тұрғыны, заңгер және блогер Ержан Есімханов.
Іс-шараға балалардың қатысуы ерекше отбасылық атмосфера сыйлады. Олар бұл процеске белсенді қатысып, ағаштар отырғызып, суаруға атсалысты.
Автоблогер Салтанат Лесбек қызымен.
«Осы жаймашуақ және ерекше күні біз балаларымызбен бірге Chery Green Month іс-шарасына бардық. Себебі біз үшін оларға бала кезінен бастап табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты сөзбен емес, іспен көрсету маңызды. Олардың көшеттерді өздері қаншалықты ынтамен отырғызғанын және одан қаншалықты шынайы ләззат алғанын көру бір ғанибет болды. Мен осындай сәттер олардың есінде қалып, болашақта олардың санасы мен құндылықтарының бір бөлігіне айналғанын қалаймын», - деп бөлісті Алматы тұрғыны, әрі автоблогер Салтанат Лесбек.
Ағаштарды суару.
Chery Green Month – Chery автокөлік брендінің көгалдандыру және қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бойынша жобаларды қолдауға бағытталған жыл сайынғы экологиялық бастамасы. 20 жылдан бері өзінің жаһандық қызметі барысында Chery тұрақты даму қағидаттарын белсенді қолдап келеді. ESG бастамаларының аясында компания «Chery With Love With Chery» (WCWL) халықаралық платформасын құрып, оны 20-дан астам елде, соның ішінде Қазақстанда жүзеге асырып келеді.
Chery Green Month акциясына қатысушылар.
Бірнеше жыл бойы бренд With Chery With Love (WCWL) платформасы аясында клиенттермен және қоғаммен байланысты нығайтуға бағытталған бастамаларды дамытып келеді. Осы орайда экологиялық акциялар өткізіп, әлеуметтік жобаларды қолдайды және әртүрлі клиенттерге арналған іс-шараларды ұйымдастырады. Бұл бастаманың логикалық жалғасы Auto China 2026 көрмесінде сатудан кейінгі қызмет және автокөлік иелеріне кешенді қолдау көрсетуге бағытталған Chery Family Care жаһандық сервистік бағдарламасының ашылуы болды. Бұл брендтің адамдармен тек автокөлік сатып алу арқылы ғана емес, сонымен қатар олардың күнделікті өмірінде қамқорлық жасап, қарым-қатынас орнату арқылы жақын болу жолындағы тағы бір қадамы екенін көрсетеді.