«АСТАНА МОТОРС» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ РЕАНИМОБИЛЬДЕРДІ ЖЕТКІЗУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА. HYUNDAI H350 AMBULANCE ТОПТАМАСЫ ПЕТРОПАВЛОВСК ҚАЛАСЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ.

Германияда және Италияда жасалған жоғары класты дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алу аппараттарымен (ИВЛ), электрокардиографтармен (ЭКГ) және басқа медициналық жабдықпен жасақталған 18 реанимобильді "Астана Моторс" Петропавловск қаласына жеткізді.

Қазіргі таңда "ҚДБ Лизинг" АҚ арқылы Қазақстан Республикасы санитарлық көліктерін жаңарту жол картасы аясында "Астана Моторс" H350 Ambulance 341 бірлігінің 14 реанимобилін Нұр-Сұлтан қаласына және 18 реанимобилін Солтүстік Қазақстан облысына жіберді. Тағы 309 жедел жәрдем автокөлігі жақын арада өңірлерге жөнелтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Айманов жаңа реанимобильдердің бірнеше артықшылықтарын айтып кетті:

"Hyundai H350 Ambulance реанимобильдерінде алғашқы медициналық көмек көрсету жағдайлары жақсартылған. Бұл салмағы 500 граммнан жоғары нәрестелердің де, қарт адамдардың да өкпелерін желдететін ИВЛ аппараттарының кең мүмкіндіктері, медицина бригадасының бір ғана қызметкері тез арада жүктеп, түсіре алатын трансформацияланатын арба".

«Біз бұны ұзақ күттік. Солтүстік Қазақстанда бұрын соңды осыншама медициналық көмек көлігін бірден сатып алу жағдайы болмаған. Бұл жердегі жабдық өз орындарында орналасқан, дұрыс бекітілген және көмек көрсетуге қажеттінің бәрі бар», – деді облыстық жедел медициналық көмек орталығының бас дәрігері Асхат Өтебаев.

Hyundai H350 моделі әлем нарығына 2015 жылы шыққан. Алғашқы отандық жиынтықтағы Hyundai H350 Ambulancе реанимобилі Hyundai Trans Auto зауыт желісінен («Астана Моторс» автоөндірістік еншілес кәсіпорын) 2018 жылғы наурыз айында шығарылған. Екі жыл ішінде кәсіпорын 370 жедел жәрдем көлігін шығарды, оның ішінде 2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының медициналық мекемелеріне Hyundai H350 Ambulancе көлігінің 185 бірлігі жеткізілді.

«Елдегі ескірген санитарлық көлікті жаңарту қажеттілігі коронавирус пандемиясы жағдайында күрт өсті, сондықтан «Астана Моторс» медицина қызметкерлеріне тез арада тапсыру үшін Hyundai H350 Ambulance реанимобильдерінің өндіріс қарқынын жылдамдата түсті», – деді Hyundai Com Trans Kazakhstan коммерциялық техника дистрибуциясы жөніндегі директоры Әділбек Гаев.

«Астана Моторс» компаниясы жеткізген жедел жәрдем көліктерінде тәжірибесі бар медицина қызметкерлері Hyundai маркалы автомобильдің сенімділігін, қауіпсіздігін, функцияналдылығын және қызмет көрсетудегі жеңілдігін ерекше атайды. Бұл көліктің басты артықшылығы — жоғары деңгейдегі ыңғайлылығы мен жұмсақ жүрісі, бұл дәрігерлерге стационарға бара жатқан жолда реанимациялық шараларды толыққанды жасауға мүмкіндік береді.

Hyundai H350 Ambulanceавтокөлігі Кедендік одақтың техникалық регламентіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарына қоятын талаптарына және Еуро-5 экологиялық стандарттарына сай келеді.


 

АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

Hyundai H350 Ambulance – озық медициналық жабдықтармен жасақталған жедел жәрдем автокөлігі:

  • «Кардиометр-МТ» жүрек-қан тамырлары жүйесінің функциялық күйін автоматты түрде жан-жақты бағалау кешені, жасалуы КФС-01.001, («МИКАРД-ЛАНА», Ресей);
  • Митар-01-«Р-Д» физиологиялық параметрлерді бақылауға арналған реанимациялық және анастезиологиялық монитор («Монитор» ҒТК, Ресей);
  • Carrera Pro T қабылдауыш құрылғысы бар медициналық, жедел жәрдемдік арба (Spenser, Италия);
  • ACCUVAC Pro тасымалды электрлік аспиратор  (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG, Германия);
  • ULM CASE салғыш шабадан (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG, Германия);
  • MEDUMAT Standardᵃ, MEDUMAT Standard²  өкпені жасанды желдету аппараты (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG (Германия);
  • Corpuls1 дефибрилляторы (GS Elektromedizinische Gerate G. Stemple GmbH, Германия). 

Hyundai Trans Auto коммуналдық кәсіпорындар мен жеке ұйымдарға арнаулы коммерциялық техника шығарады.Техниканың ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» ҚМК құрамына кіретін Hyundai Com Trans Kazakhstan.