«АСТАНА МОТОРС» ҚАЗАҚСТАНДА АВТОӨНДІРІСТІ ДАМЫТУДА ЖӘНЕ РФ ЗАУЫТЫНА КІРУ ЖОСПАРЫНДА ЖОҚ

 «Астана Моторс» компаниясының Қазақстан Республикасында жаңа зауыттарды жергіліктендіруді тереңдету және салу бойынша жоспарлары бар. Бұл ретте компанияның Санкт-Петербургтегі зауытқа кіру бойынша жоспары жоқ.

Бүгінгі таңда «Астана Моторс» активінде жұмысын 2020 жылы бастаған және Hyundai тоғыз моделін Tucson, Accent, Sonata, Elantra, Santa Fe, Palisade, Staria, i30, Bayon модельдерін шығаратын Алматының Индустриялық аймағында жұмыс істеп тұрған Hyundai Trans Kazakhstan толық циклді зауыты бар.

2022 жылы Hyundai Trans Kazakhstan 39 мың автомобиль шығарды. 2023 жылға арналған жоспар – 50 мың автомобиль шығару.

2022 жылы «Астана Моторс» Алматының Индустриялық аймағында қытайлық Chery, Haval, Changan брендтерінің автомобильдерін өндіруге арналған толық циклді мультибрендтік зауыт салуға кірісті және 2025 жылы өндірістік қуаты жылына 90 мың бірлік болатын кәсіпорынды іске қосады, онда автомобильдер шанақты дәнекерлеу және бояумен ұсақ түйінді әдіспен ғана өндірілетін болады.

Санкт-Петербургтегі «Хендэ Мотор Мануфактуринг Рус» зауыты Қазақстанда танымал Hyundai Accent моделінің Алматыда штампталған шанақ панельдерін және ұсақ түйінді өндіріске арналған бірқатар жиынтықтауыштарды жеткізуші болды. Біз зауытта қалыптасқан жағдайға алаңдаймыз және оның тезірек сәтті шешілуіне үміттенеміз.

Қазіргі уақытта «Астана Моторс» Алматының Индустриялық аймағында технопарк құруда, онда Hyundai, Chery, Haval, Changan автомобильдерін шығарумен қатар Hyundai автомобильдерін шығаруға арналған автокомпоненттер өндірісі жолға қойылады.

2022 жылы «Астана Моторс» компаниясы Hyundai Trans Kazakhstan-да шығарылатын Hyundai автомобильдер желісін Staria, i30, Bayon модельдері есебінен кеңейтті. Компания Қазақстанда өндірісті дамытуды, шығарылатын автомобильдерде жергіліктендіруді тереңдетуді жалғастыруда және 2023 жылы Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытының өндірістік алаңын кеңейтуді, сондай-ақ конвейерге Hyundai жаңа модельдерін қоюды жоспарлап отыр.

slider_227
slider_222
slider_223
slider_226
slider_225
slider_224
slider_221