«АСТАНА МОТОРС» ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕТЕКШІ ҚЫТАЙ АВТОАЛЫПТАРЫНЫҢ АВТОКӨЛІКТЕРІН ШЫҒАРАТЫН БОЛАДЫ

«Астана Моторс» Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автокөлік концерндерімен компанияның Қазақстанда Қытай брендтерінің автокөліктерін шығару құқығын растайтын меморандумдарға қол қойды.

2022 жылдың аяғында «Астана Моторс» Алматы индустриялық аймағында Chery, Changan, Haval автокөліктерін шығаратын толық циклді мультибрендті зауыттың құрылысына кірісуді және оны 2024 жылдың соңында - 2025 жылдың басында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Кәсіпорын лицензиялық келісімдер бойынша автокөліктер шығаратын «Астана Моторс» компаниясының 100 % меншігінде болады.

Қазақстан үшін жаңа индустриялық нысанның түбегейлі айырмашылығын атап өтейік – кәсіпорын автокөліктердің бүкіл көлемін дәнекерлеумен және шанағын бояумен тек ұсақ тораптық әдіспен өндіретін болады. Мультибренд зауытының өндірістік қуаты жылына 90 мыңға дейін автокөлік шығаруға, оның ішінде 60 % – ТМД елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. 

slider_134
slider_135
slider_136
slider_137
slider_138
 

«Қытай автобрендтері техникалық жағынан тез дамып келеді, олардың әлемде танымалдығы артып келеді. Біз бизнесті дамыту үшін жоғары әлеуетті көріп отырмыз және Қазақстанда Қытайдың жетекші брендтерінің жоғары технологиялы автокөліктерін өндіруді ұйымдастыруға шамамен 200 миллион доллар көлемінде қаржы саламыз», –деп атап өтті Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов.

Сонымен бірге ол жаңа жобаны іске асырғаннан кейін Алматыда шамамен 2 200 жоғары білікті жұмыс орны құрылатынын, олардың әрқайсысы басқа салаларда он жұмыс орнын құруға ықпал ететінін айтты.

«Біз Қытайдың автоөнеркәсіп көшбасшыларының барлық стандартына сәйкес келетін кәсіпорын саламыз, мұнда отандастарымыз машина жасау саласында тәжірибе жинақтап, сабақтас салаларда біліктілігін арттыратын болады, –деп атап өтті Astana Group басшысы. – Мультибренд зауытының құрылысы Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін дамытуға қызмет етеді. Біз Қазақстанда құрауыштардың өндірісін орналастыруға дайын бірқатар елдерде ықтимал инвесторлармен келіссөздер жүргіздік. Бұл біздің жылына 90-100 мың автокөлікті дәнекерлеу және бояу әдісімен шығару көлемімізбен экономикалық тұрғыдан орынды болады», – деп қорытындылады Нұрлан Смағұлов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы «Астана Моторс» компаниясы автокомпоненттер шығаратын зауыттың құрылысын бастайды. Алматы индустриялық аймағында технопарк құру Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға, машина жасау саласында білікті кадрлар жүйесін қалыптастыруға серпін береді.


Ақпараттық анықтама
                                                            
Chery автоконцерні 1997 жылы құрылған және 19 жыл ішінде Қытай автокөліктерін экспорттау бойынша бірінші орын алады. Chery бүкіл әлем бойынша 10 миллионнан астам клиенттің құрметіне ие болды. Қазақстанда бренд ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Қытай брендтері арасында сату көшбасшысы болды. 20 жыл бойы компания ғылымға, инновацияларға инвестиция салып келеді. «Технологиялы Chery» 10-нан астам елден 5 500 зерттеушілер мен әзірлеушілерді құрады. Бүкіл әлемдегі автокөлік зауыттарына қоса, Chery Automobile автокөліктерге арналған құрауыштарды, соның ішінде қозғалтқыштарды шығарады, олардың бір бөлігі экспортқа жіберіледі. «Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы нарықта 2021 жылғы желтоқсаннан бастап өкіл етілген.

Changan – 1862 жылы құрылған, Қытайдың ең ірі және ең көне автокөлік құрастырушы концерндерінің бірі. China Association of Automobile Manufacturers (CAAM) деректері бойынша Changan International Corporation компаниясының тобы сатылымдар бойынша Қытай автобрендтері арасында әлемде бірінші орын алады. Бүгінде бұл әлемдік автоөнеркәсіптің технологиялық көшбасшыларының бірі: зерттеулер мен дамуға инвестициялар көлемі соңғы 16 жыл ішіндегі концерннің әлемдік кірісінің 5 %-нан астамын құрайды.  Әлемнің 6 еліндегі компанияның 9 бейінді ғылыми-зерттеу және дизайнерлік орталықтары бірлесіп әлемнің 70-тен астам елінен сатып алушылар үшін автокөліктер жасайды.

Great Wall Motors тарихы 38 жылдан асады, холдингтің құрамына автокөлік шығаратын төрт кәсіпорын, соның ішінде Haval және автокөлік құрауыштарын шығаратын 20 еншілес компания кіреді. Great Wall Motor – инновациялық саладағы ең ірі прогрессивті автокөлік өндірушісі. Haval – Great Wall брендінің одан гөрі жайлырақ әрі қымбатырақ «туысқаны». Haval жол талғамайтын көлік және кроссовер модельдерінің ауқымды қатары барлық Haval автокөлігі жарақталатын технологиялармен, заманауи өндірістік шешімдермен және интеллектуалды жүйелермен ерекшеленеді. «Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы Haval ресми дистрибьюторы 2021 жылғы сәуірде жұмыс істей бастады.