99 ЖАСТАҒЫ АЛМАТЫ ТҰРҒЫНЫНА CHERY TIGGO 2 АВТОКӨЛІК СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Chery International және Astana Motors компаниясының ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясы ғасырлық ерлі-зайыптылар Владимир Дмитриевич пен Тамара Ивановна Белозеровқа автомобиль сыйлады.

Владимир Дмитриевич 1925 жылы дүниеге келіп, өмірінің көп бөлігін Қазақстанда өткізді. 1950 жылдан бері Алматыда тұрып, өмірінің 30 жылға жуық уақытын Алматы құрылыс материалдары комбинатында жұмыс істеуге арнады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де жұмысын  – саяхатшы маман ретінде жалғастырып, Қазақстанның барлық аймақтарын дерлік аралап, жұмыс тәжірибесімен жаңа кадрлармен бөлісті.

Белозеровтың ұзақ өмір сүруінің өз сыры бар. «45 жасымда салауатты өмір салтымен танысып, күн тәртібімді өзгерттім. Таңғы сағат 5-те тұрып, Жандосов көшесінен Төле биге дейін және кері қарай жүгірген соң, бір сағат жаттығу жасап, таңғы 8-де жұмысқа шығатынмын».

Белозеров осы спорттық режимде 25 жыл өмір сүрді. Операция оны жүгіруді тоқтатуға мәжбүр еткенімен таңертеңгі жаттығулар мен екі сағаттық серуендеу, тіпті қыста да, оның күнделікті жұмысында міндетті істерінің бірі болып қала бермек. Шахмат сияқты олар мидың «бұлшық еттерін» сергітуге мүмкіндік береді.

Владимир Дмитриевич – оптимизмнің, төзімділіктің, еңбексүйгіштіктің ынталандырушы үлгісі.. Selfmade – бұл міндетті түрде табысты менеджер немесе кәсіпкер туралы емес, бұл өз өмірімізді өзіміз «жасай алатындығымыз» туралы».

Chery International компаниясы өзінің өкілдіктерін ашатын әлеуметтік бастамаларымен бүкіл әлемге танымал. Олардың мүдделері - спортты қолдау, инклюзия және қайырымдылық.

Нұрлан Шамғонов, Chery Kazakhstan ресми дистрибьюторының директоры: «Серіктессіз бизнес мүмкін емес! Біз Chery International компаниясымен үш жылға жуық жұмыс істеп келеміз, олар нарыққа келіп, оны зерттеп қана қойған жоқ, кез келген жағдайда олар бізбен бірге. Осылайша, 2022 жылы олар біздің қамқорлыққа алынған «ЕРЗИ» мүгедектер қауымдастығына автокөлік сыйлады, өткен жылы компания Семейде орман өртінен зардап шеккендерге 50 миллион теңге аударса, биыл су тасқынынан зардап шеккендерге 50 миллион теңге аударды».