7 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН КРОССОВЕР: ҚАЗАҚСТАНДА CHERY TIGGO 2 CАТЫЛА БАСТАДЫ

«Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің ресми дистрибьюторы Алматыда жабық баспасөз конференциясында жаңа моделін таныстырды.

CHERY TIGGO 2 – ақысы қалтаға қонымды, қолайлы әрі шағын кроссовер. TIGGO 2 кроссоверінің  дизайны сәнді әрі заманауи. Тағы бір ерекшелігі — оның үнемді, жайлы, қауіпсіз екені. Көлік көпшілік арасында танымал екені соншалық, тез сатылады.

TIGGO 2-нің көлемі 1,5 литр, қуаты 109 а.к. болатын атмосфералық қозғалтқышпен жабдықталған, ал CVT вариаторы қозғалтқыш қуатын барынша тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

CHERY TIGGO 2 жергілікті жағдайларға бейімделген: салонға кондиционер және алдыңғы орындықтарға жылытқыш орнатылған. TIGGO 2 мультимедиа жүйесіне Apple CarPlay және дауыспен басқарылатын QDlink қолданбасы, төрт динамигі бар аудиожүйесі қосылған. Автокөліктің орталық құлыптары, электр әйнеккөтергіштері, артқы көріністі түсіретін камерасы, тұраққа қою датчигі бар.

TIGGO 2 иесі өзін сәнді, сенімді, қауіпсіз сезінеді. Оған қоса оны сатып алып, күнделікті пайдалану арқылы қаражатын әлдеқайда үнемдейтінін түсінеді. CHERY TIGGO 2 елімізде 25 шілдеден бері сатыла басталады. Модель тек Premium топтамасында сатылады.

«Алғашқы 300 автокөлікті 7 миллион теңгеге сатып алуға болады, одан кейін бұл акция автокөлікті Trade in арқылы сатып алу үшін қолданылады. Бір түсті нұсқадағы автокөлік 7,49 миллион теңге тұрады, екі түсті нұсқаның бағасы – 7,69 миллион теңге. Біз автокөлікті Қытайдан әкелсек те, қазақстандық нарыққа тиімді бағамен ұсынып отырмыз және  барлық салығы, бажы мен алымы төленген. Біз TIGGO 2 моделін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan жаңа мультибренд зауытында шығаруды жоспарлап отырмыз, қазір оның құрылысы жүріп жатыр және зауыт 2025 жылы іске қосылады. Сәйкесінше, Қазақстанда шығарылған осы автокөліктің құны локализация есебінен төмендейді», – деп атап өтті дистрибуция директоры Нұрлан Шамғонов.

CHERY-дің ресми дистрибьюторы – First Motor Group компаниясы Қазақстан нарығында 2021 жылдан бері істеп келеді. Компанияның дилер орталықтарында TIGGO-ның барлық желісі ұсынылған.

Біздің сатылым статистикамызға сүйенсек, қазақстандықтарға үлкен автокөліктер ұнайды, ауқымды 8 PRO және 7 PRO көліктері сатылымның жоғарғы орындарына жайғасқан, бірақ нарықтағы сатып алушылар аудиториясы біртіндеп өзгеріп келеді, заманауи, шағын, сәнді әрі қымбат емес модельді қалайтын жастар көбейіп келеді. Сондықтан біз нарыққа «жолбарыстың» ең кішісін шығаруды ұйғардық. Оның техникалық қасиеттері мен «көнгіш» мінезі көптің жүрегін жаулап алары сөзсіз, – деді Нұрлан Шамғонов.

Жаңа автокөліктің тест-драйвына жазылу үшін және онымен жақын танысып, сатып алу үшін Қазақстандағы CHERY ресми дилер орталықтарына хабарласуға болады.