Кадр жұмыстары жөніндегі менеджер
Үлкен, тату, өршіл HR командасы өзіне әріптес іздейді. Тәжірибелі, жаңа нәрсені үйренуге дайын, қажет кезде рекрутер-әріптесіне қолдау көрсете алатын, корпоративтік іс-шараны ұйымдастыруға атсалыса алатын кадр қызметкері өте қажет.
Міндеттері:
- кадрлық іс-қағаздарды толық көлемде жүргізу;
- әскери есеп жүргізу;
- enbek.kz сайтымен жұмыс істеу;
- штаттық кестені жүргізу;
- жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу;
- статистикалық және басқа кадрлық есептілікті тапсыру;
Қойылатын талаптар:
- ҚР Еңбек кодексін (ағымдағы жылдың соңғы өзгертулері мен толықтырулары бар) өте жақсы білу;
- кадрлық іс-қағаздарды білу, ауысымдық кестелермен жұмыс істеу;
- 1С:ЗУП бағдарламалық құралымен жұмыс істеу тәжірибесі;
- ауысымдық кестемен жұмыс істеу тәжірибесі;
- MS Оffice, Excel Outlook бағдарламаларының тәжірибелі қолданушысы;
- ағылшын тілін білу басымдық болады.
Шарттар:
- Қызметтік ұялы байланыс;
- Медициналық сақтандыру;
- Фитнеске абонемент;
- Автокөлікке қызмет көрсетуге жеңілдіктер;
- Жеке бас жағдайларында материалдық көмек көрсету;
- Корпоративтік оқыту;
- Тимбилдингтер.