«Керемет!»: Haval автокөліктерінің Қазақстандағы алғашқы иелері өз пікірлерімен бөлісті

Haval Қазақстан жолдарымен жүре бастады. Алғашқы сатып алушылар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы салондардан өз көліктерін алып кетті. Еске сала кетейік, «Астана Моторс» құрамына кіретін Haval Motor Kazakhstan ресми дистрибьюторы дилерлік желінің еліміздің 14 қаласын қамтитынын хабарлаған.

Премиум санаттағы брендтің Қазақстан нарығындағы жаңа тарихы «салмақты әрі ұзақ» болмақ. Алматы қаласынан Оксана және Нұр-Сұлтан қаласынан Нұрлан Haval көлігін алғаш кездестірген кездегі әсерлерімен бөлісіп, неліктен олар осы автокөлікті таңдады деген сұраққа жауап берді.

«Күйеуім екеуіміз және әкем өз автокөлігімізді іздеп, әртүрлі брендтерді қарап шығып, оны – Haval H9-ды тауып алдық. Ерлер алдымен кроссовердің техникалық мүмкіндіктерін, заманауи опцияларын, бөлек климат-контрольді, барлық орындықтардың жылытылатынын бағалап шықты. Біздің шешімімізге отбасымыз үлкен болғандықтан автокөліктің сыйымдылығы және қолжетімді бағасы да маңызды рөл ойнады. Тест-драйвте кроссовердің ептілігі мені таңғалдырды, оның габариттерін ескерсек, ол шағын алаңда тез бұрылып шықты. Енді мен жазды асыға күтіп жүрмін, себебі өзімнің жаңа жол талғамайтын көлігіммен бірінші сапарға аттанғым келеді!»- дейді Оксана.

 

Фото: Haval Motor Kazakhstan

Haval H9 – жол жағдайларына бейімделу жүйелерімен жабдықталған және премиум санаттағы жайлылығы бар толық өлшемді премиалды рамалы жол талғамайтын көлік. Турбоүрлемі бар бензиндік қозғалтқыш (2,0 л, 218 а.к.), 8 сатылы автоматтық беріліс қорабы, артқы дифференциалды блоктау жүйесі бар толық жетек. Бағасы жинақтамаға байланысты 14 990 000 теңгеден басталады.

 

«Әйеліме автокөлік сатып алуды жоспарлағанбыз, нарыққа Haval моделінің шығатынын біліп, автокөліктерді өз көзімізбен көру үшін бірден автосалонға бардық. Таңдау критерийлері – клиренсі әжептәуір, салоны ыңғайлы, жинақтамасында жақсы опциялары бар және сыртқы түрі жарқын кроссовер. Haval F7x моделін көргенімізде, таңдайтынымыз осы екенін бірден түсіндік.

Мен Ресейлік форумдарды ақтарып шықтым, онда Haval-ды пайдалану тәжірибесі үлкен екен, опцияларды, бағаларды салыстырдым, біздің нарықты зерттеп, бүгінгі таңда сапа мен баға және заманауи опциялар арақатынасында Haval ең тиімді ұсыныс жасап тұрғанын түсіндім. Әйеліме купе-кроссовердің дизайны мен оның жол белгілерін оқу, жолақта ұстау және басқа да опциялары ұнады. Сонымен қатар бізді таңғалдырғаны – беріліс қорабына 5 жыл, лак-бояу жабынына 3 жыл, коррозиядан қорғанысына 6 жыл кепілдік берілген. Демек жақсы автокөлік, алу керек деп шештік», - дейді Нұрлан.

Фото: Haval Motor Kazakhstan

Haval F7x – сәнді әрі стильді купе шанағы бар кроссовер. VVT газ үлестіру фазаларын өзгерту жүйесі бар бензиндік турбомотор (2,0 л, 190 а.к.), 7DCT қосарлы ілінісу механизмі бар 7 сатылы беріліс қорабы, толық жетек. Бағасы жинақтамаға байланысты 9 690 000 теңгеден басталады.

Алматы қаласындағы Haval дилер орталығының директоры Замир Гасановтың сөзі бойынша «Haval автокөліктерін сатып алу кезінде инновациялық технологиялар қолданылған премиум сегменттегі жаңа автокөлікті қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігі шешуші рөл ойнайды».

Фото: Haval Motor Kazakhstan

«Менің көлік жүргізгеніме 14 жыл болды, осы уақыт бойы «Астана Моторс» компаниясында жұмыс істеп келемін және жаңа өнімдерді қызыға сынап тексеремін. Әр автокөліктің өз артықшылықтары, өз мінезі бар. Haval-дың техникалық сипаттамалары, жоғары сапасы, жайлы салонның әрлемесі, шанақтың әсем, заманауи және бірегей дизайны маған әсер етті. Тегіс емес жерлермен жинақы жүреді, артық дыбыстар естілмейді. Турбиналы қозғалтқышының арқасында қала ішіндегі жүрісінің динамикасы жақсы. Тәжірибелі кәсіби дилер және өтілі бар көлік жүргізуші ретінде Haval сатып алуға кеңес беремін, ол өз иесінің сенімді серігіне айналады», – деп түйіндеді Замир Гасанов.

Haval Motor Kazakhstan автокөліктерді Haval Credit, Haval Trade-In және Haval Leasing бағдарламалары арқылы 4%-ға дейінгі пайдамен сатып алу мүмкіндігін береді.

Қазақстандағы Haval автокөліктері туралы толық ақпарат 7007 нөмірі бойынша «Астана Моторс» компаниясының тәулік бойғы байланыс орталығында беріледі.

*Материал Haval Motor Kazakhstan компаниясының қолдауымен дайындалған.

Дереккөз:  www.nur.kz