Hyundai Motor Company атқарушы директоры Мун Сангмин «Астана Моторс» басқармасының құрамына кірді

Мун Сангмин – механикалық конструкцияларды инженерлік жобалау бакалавры, Пусан ұлттық университетін бітірген, 35 жылдан астам уақыт бойы Оңтүстік Кореяның ең ірі автомобиль жасау компаниясы – Hyundai Motor Company-да (HMC) жұмыс істеген.

«Астана Моторс» компаниясына келгенге дейін Мун мырза Hyundai Motor Company атқарушы директоры лауазымын атқарды, өндірістік технологиялар департаментін басқарды, Чанчжоудағы (ҚХР) зауыт директоры, сондай-ақ Beijing Hyundai (ҚХР) өндіріс департаментінің директоры лауазымын атқарды.

Мун Сангмин әр жылдары Beijing Hyundai зауыттарында өндірісті бақылап, инновациялар бағытына жетекшілік етті, құрылыс бөлімін, автомобиль өндірісі жөніндегі инженерлік бөлімді басқарды, Оңтүстік Корея мен шетелде зауыттар құру және кеңейту жөніндегі жобаларды жоспарлаумен және іске асырумен, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның, шетелдің Hyundai зауыттарын дамытудың ұзақ мерзімді стратегияларын әзірлеумен және оларды қолдаумен айналысты.

Сонымен қатар, Мун мырза Hyundai Motors озық өндірістік технологиялар бөлімін басқарды.

«Мун Сангмин Оңтүстік Корея мен Қытайдың автоөнеркәсібінің дамуына технология, инновация, рационализация тұрғысынан үлкен үлес қосты. Мун мырза біздің еншілес кәсіпорнымыз Hyundai Trans Kazakhstan зауытында өндіріс мәдениетін, сондай-ақ зауыттың жаңа технологиялар бағытындағы әлеуетін дамыту, бизнес-процестерді жетілдіру, тиімділікті арттыру үшін «Астана Моторс» командасына қосылды. Біздің әріптесіміз бізбен бірге жергіліктендіруді тереңдетуге және Қазақстанда компоненттер өндірісін дамытуға ниетті. Мун мырзаның тәжірибесінің арқасында кәсіпорындарымызды жергіліктендіру бойынша жобалардың іске асырылуын жылдамдатуға мүмкіндігіміз бар», – деп атап өтті Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов.

slider_31
slider_32
slider_33
slider_34
slider_35
slider_36
slider_37
slider_38