АТЫРАУДА HYUNDAI ЖӘНЕ BMW БРЕНДТЕРІНІҢ ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ
"Астана Моторс" компаниясы Қазақстан бойынша дилерлік желілерін дамытуды жалғастыруда.
Бүгін Атырау қаласында Hyundai Center Atyrau және Бавария Атырау дилерлік орталықтарының ашылу салтанаты өтті. Жаңа автоорталықтар шаһардың батысында орналасқан.
"Астана Моторс" компаниясының Бас директоры Бекнұр Несіпбаевтың айтуынша, компания 1992 жылдан бері әлемдік деңгейдегі брендтердің көліктерін, сапалы өнім мен қызмет түрлерін ұсынып келеді. Соның арқасында жыл өткен сайын клиенттер саны артуда.
«Жаңа дилерлік орталықтар үздік автобрендтердің тәжірибесіне жүгіне отырып, халықаралық стандарттарға сай салынды және жабдықталды. Атырау облысы мен қаласындағы клиенттеріміздің жақсы жағдайда автокөлік сатып алу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштымыз»,- дейді Бекнұр Несіпбаев.
Жаңа Hyundai Center Atyrau-дың жалпы аумағы 2008 шаршы метрден асады. «Астана Моторс» компаниясының өзге дилерлік орталықтары сияқты бұл нысан да «3S» принципі, яғни sales (автокөлік сату), service (қызмет көрсету) және spare parts (түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сату) бойынша жұмыс істейді. 465 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан Бавария Атырау автоорталығы (BMW, MINI, Motorrad-тың ресми дилері) да қызмет көрсетуде жоғарыдағы принциптерді ұстанады.
Атап өтер жайт, екі дилерлік орталық бір жерде орналасқан. Сондықтан келушілерге өте ыңғайлы әрі көлік алу кезінде таңдау мүмкіндігі де мол болмақ. Яғни Қазақстанда жасалған Hyundai мен немістің BMW брендінің сан алуан модельдерін тап осы жерден табады. Жанға жайлы әрі кең шоурумда машиналарды көріп, тест-драйвтан өткізу мүмкіндігі де қарастырылған. Сонымен қатар онда қызмет көрсету бекеті, көлік жуу, қосалқы бөлшектер қоймасы бар. Яғни темір тұлпар тізгіндегісі келетіндерге барынша жағдай жасалған.
«Атырау халқы Hyundai-мен жақсы таныс. Өткен жылы аталмыш марканың 759 жеңіл көлігін саттық. Осы жылдың соңына дейін 1200-ден астамын сатуды жоспарлап отырмыз. Ал BMW және MINI-ге келер болсақ, бұл брендтер әлемде әбден мойындалған, сондықтан өңір тұрғындарының ажырамас серігіне айналатынына сенімім зор. Сондай-ақ жаңа орталықтар Атырау облысының экономикасына да оң әсерін тигізеді. Өйткені автосалондардың ашылуымен 120 жаңа жұмыс орны пайда болып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады», – деді Бекнұр Несіпбаев.
Жалпы «Астана Моторс» компаниясы еліміздегі автокөлік саласында ең ірі салық төлеушілердің бірі. 2020 жылдың өзінде компания мемлекет бюжетіне (республикалық және жергілікті) 29,4 млрд теңге салық төлеген.
Клиенттер көліктің қай түрін болсын Mycar Finance, сонымен қатар Сбербанк, Еуразиялық банк арқылы несиеге рәсімдей алады. Trade-in бағдарламасымен темір тұлпарлардың ескісін жаңасына айырбастау мүмкіндігі де бар.
Осы орайда естеріңізге сала кетейік, таяуда ғана қаланың шығыс тарапында Subaru және Haval дилерлік орталығы ашылған болатын.
Атыраудағы дилерлік орталықтардың мекенжайы:
- Hyundai Center Atyrau, «Бавария Атырау-автоорталығы» – Әбілқайыр хан даңғылы, 67 («Нұрсая» шағын ауданы);
- Subaru және Haval дилерлік орталығы – Амандосов көшесі, 10.
Дилерлік орталықтардың жұмыс уақыты, автокөліктер, бағдарламалар және өнімдер туралы толық ақпаратты 7007 телефон нөмеріне хабарласып, «Астана Моторс» байланыс орталығынан білуге болады.