«АЛМАТЫ ТОЙОТА ОРТАЛЫҒЫ» - 25 ЖЫЛ!

Мерекелік торт, жайлы орта және шампан. Өткен сенбі күні "Алматы Тойота Орталығы" өздерінің мерейтойын ауқымды түрде атап өтті. Қонақтардың арасында – тұрақты клиенттер мен жапон брендінің жанкүйерлері болды, оларды "Астана Моторс" президенті Нұрлан Смағұлов құттықтау сөзбен қарсы алды. Тура 25 жыл бұрын автоорталық ашылған сәттен бастап, Toyota брендінің Қазақстанда даму тарихы басталған еді.

1994 жылы "Алматы Тойота Орталығы" Toyota  автомобильдерінің Қазақстандағы тұңғыш ресми дилеріне айналды. Дәл сол уақытта орталық жапон маркасының еліміздегі алғашқы авторизацияланған сервис станциясы дәрежесіне ие болды. Осы жылдар аралығында қазақстандықтар жапон брендінің автомобильдерін сенімділігі, сапасы мен төзімділігі үшін жақсы көріп үлгерді. Дегенмен, 1990-шы жылдары Toyota автомобильдері көпшіліктің арманы болатын, ширек ғасырдан соң, Toyota нағыз ұлттық бренд атанды. 

Нұрлан Смағұлов 25 жыл бұрын Алматыда автоорталық ашқан кезде, көпшіліктің бұған күмәнмен және сенімсіздікпен қарағанын айтады. Әйтсе де, тура сол кездегі секілді,  президент табысқа қол жеткізу үшін сенім білдіріп, кері шегінбей, соңына дейін бару керек деп есептейді. Дәл осының арқасында Toyota Motor Corporation-ның қатаң талаптарына сай келетін, сондай-ақ клиенттерінің барлық сұраныстарын ескеретін автоорталық ашу мүмкін болды. Орталық жоғары іскерлік беделге, сатып алушылардың сенімі мен бизнестегі серіктестері арасында құрметке қол жеткізді.   

"Алматы Тойота Орталығында" алғаш рет көпшілік назарына бренд жанкүйерлерінің басын қоса отырып, ірі жапон автоөндірушісінің көптен күтілген жаңа өнімдері ұсынылды. Клиенттердің көбі 20 жыл бойы маркаға адалдықтарын сақтап келеді, ал бұл автомобильдерге деген сүйіспеншілік ұрпақтан ұпаққа берілуде. Toyota жанкүйерлеріне адалдықтары үшін құнды сыйлықтар табысталды.

Автоорлалықтың мерейтойын тойлау осы жылдың көптен күтілген премьерасы – жаңа маңғаз RAV4 кроссоверінің тұсу кесерімен сәйкес келді. 2011 жылы Toyota Motor компаниясының директоры Акио Тойода бұдан былай жалықтырғыш автомобильдерді шығармайтынын жариялаған еді. Жап-жаңа бес орындық ықшам RAV4 осыған дәлел. Өндіруші шынымен ауқымды өзгерістер енгізген: модель жаңа интерьер мен дизайнға ие болған, ал бұрыштық сызықтар оның сымбатын батыл әрі ерекше қыла түскен. Автомобиль TNGA (Toyota New Global Architecture) ғаламдық модульді архитектурасының барлық артықшылықтарын бойына сіңірген, бұл көлікті жүргізуден алатын ләззатты арттыра түседі. Тұтас отбасына жетерлік кеңістігі бар жоғарғы қатарлы интерьер қала ішінде жайлы қозғалып немесе ұзақ автосаяхатқа аттануға мүмкіндік береді. Жоғары деңгейдегі қауіпсіздігі үшін RAV4 EURONCAP тәуелсіз қауымдастығының краш-тестілерінен ең жоғарғы ұпай, 5 жұлдызды иеленді. Жаңа RAV4 өзінің сыртқы келбеті мен сипаттары арқасында әлі талай жүректерді жаулап алатын болады.

Кештің басты оқиғасы клиенттер арасында Toyota Corolla-ны ұтысқа тігу сәті болды. Бұл автомобиль әлем бойынша ең көп сатылатын модель ретінде екі рет «Гиннес рекордтар кітабына» кірді – 1966 жылдан бастап шамемен 45 миллион бірлік сатылған. Әлемде әр 15 секунд сайын жаңа Toyota Corolla сатылады. Жеңімпазды кездейсоқ таңдау барысында автомобиль осыдан бір ай бұрын Toyota Corolla сатып алған Айнагүл Манашеваға тиесілі болды. Жеңімпаз ұтып алған Toyota-ны әпкесіне сыйлайтынына уәде берді. Бұл брендтің сүйікті ғана емес, сондай-ақ отбасылық бола түскенін тағы бір мәрте дәлелдейді.