SUBARU КРОССОВЕРЛЕРІНІҢ ТЕСТ-ДРАЙВЫ
Өткен демалыс күндері Алматы маңындағы "Астана Моторс" көлік құрастыру кәсіпорнының аумағында орналасқан спортық полигонда Subaru кроссоверлерінің тест-драйвы өтті. Subaru Kazakhstan дистрибьюторы және Subaru Motor Almaty дилерлік орталығы бірлесіп, Астана Моторс компаниясы "Дала бөрілері" командасының бас пилоты Владимир Бородиннің қатысуымен өткен баршаға арналған шараны ұйымдастырды.
Арнайы алаңда келесі жүйелер сынақтан өткізілді: X-Mode, EyeSight – жүргізушіге көмек беретін жүйе, сондай-ақ Subaru көліктерінің жолсыздық жағдайындағы мүмкіндіктері тексерілді.
Тест-драйв қатысушылары экстремалды жүргізуді қауіпсіз етуге үйренді. Владимир Бородин Subaru көліктерінің жүйелері мен артықшылықтары жайлы әрбір қатысушыға егжей-тегжейлі айтып берді.
Автоблогер Диаз Әбілқасов Subaru көліктерінің жолсыздық жағдайында өткен сынағына қатысу қызықты болғанын атап өтті: "XV (жаңа), Forester және Outback (жаңартылған) кроссоверлері арнайы трассаның барлық сынақтарын оңай жеңіп шықты. Тік өрлер мен ылдилар, ойлы-қырлы жерлер және тасты "қақпандар" іс жүзінде толық жетектің жұмысын және жапондық брендтің "ақылды" электроникасын бағалауға мүмкіндік берді".
Іс-шара тұрақты түрде өтетін болады. Subaru Kazakhstan, Subaru Motor Almaty және Астана Моторс ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы жаңалықтарды өткізіп алмаңыздар.