Қазақстанда Haval танымалдылығы артып келеді
2021 жылдың сәуірінен қарашасына дейін Қазақстанда 1000-нан астам Haval көлігі сатылған.
Бұл туралы "Астана Моторс" компаниясының құрамына кіретін Haval Motor Kazakhstan ресми дистрибьюторы хабарлады. Брендтің танымалдығы айдан айға артып келеді. Қазақстандағы ең танымал көлік - Haval F7 моделі, тұтынушылар 8 айда 389 рет осы темір тұлпарды таңдаған.
Қараша айында Алматы қаласындағы дилерлік орталық F7x көлігінің кілтін мыңыншы сатып алушыға табыстады. Көлік иесіне Haval аксессуарларының түпнұсқасын сатып алуға 430 мың теңгенің сертификаты сыйға берілді.
Айта кетейік, елімізде Haval автокөліктері ресми түрде осы жылдың 1 сәуірінен сатыла бастады.
Бастапқыда Haval F7 смарт-орта өлшемді кроссовері, Haval F7x динамикалық кросс-купесі және Haval H9 үлкен рамалы жол талғамайтын көліктері ұсынылды. Күзге қарай компания тұтынушыларға стильді Jolion кроссоверін және ыңғайлы Poer және Wingle7 пикаптарын ұсынып, модельдік желісін кеңейткен болатын.
Айта кетейік, елімізде Haval автокөліктері ресми түрде осы жылдың 1 сәуірінен сатыла бастады. Бастапқыда Haval F7 смарт-орта өлшемді кроссовері, Haval F7x динамикалық кросс-купесі және Haval H9 үлкен рамалы жол талғамайтын көліктері ұсынылды. Күзге қарай компания тұтынушыларға стильді Jolion кроссоверін және ыңғайлы Poer және Wingle7 пикаптарын ұсынып, модельдік желісін кеңейткен болатын.
2022 жылы ресми дистрибьютор автокөлік жүргізушілерін жаңартылған F7 және F7x үлгілерімен, сондай-ақ электрлік модель және жаңа жол талғамайтын автомобильдермен қуантады.
Осы марканы таңдаушылар саны артып келеді, сол себепті компания 2022 жылдың соңына дейін еліміздегі автоорталықтар санын 18-ге жеткізуді (17 қалада) жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 15 қалада 15 Haval ресми дилерлік орталығы бар. Қазір Haval Motor Kazakhstan Қызылорда, Семей қалаларында серіктестер іздеуде, сонымен бірге бизнес шекарасын кеңейтіп, Қырғызстан нарығына шығу жоспарда.
Haval дилерлік орталықтары кәсіби жабдықтармен жабдықталған, 3S принципі бойынша жұмыс істейді (автомобильдер, тұпнұсқа қосалқы бөлшектер сату және қызмет көрсету) және тұтынушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетеді.
Барлық Haval көліктеріне 3 жыл немесе 150 000 км зауыттық кепілдік бар. Сондай-ақ DCT-7 беріліс қорабы үшін - 5 жыл немесе 200 000 км, бояу жұмыстары үшін - 3 жыл немесе 150 000 км, коррозиядан – қанша жүргеніне қарамастан 6 жыл және қосалқы бөлшектер үшін - 12 ай кепілдік беріледі.
Осылайша, сегіз айдың ішінде Haval Қазақстанда өзін сенімді бренд ретінде көрсетті. Клиенттердің оң пікірлерін, сондай-ақ сатып алушылардың брендке деген жоғары қызығушылығын ескере отырып, ресми дистрибьютор автокөліктерді Қазақстанға уақтылы жеткізуге тырысуда. Компанияның негізгі мақсаты – Қазақстан нарығында таяу 7 жылда SUV сегментінде №1 бренд болу.
Дереккөз: https://forbes.kz