БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ

Астанада Балалар күні қарсаңында "Тойота Центр Астана Моторс" мүгедек балаларға арналған "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қайырымдылық көмек көрсетті. Осы күні мекеменің тәрбиеленушілері барлық балалар мен қонақтарға концерт ұйымдастырды.

TOYOTA мен ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитеті арасындағы серіктестік шеңберінде біздің дилерлік орталық шараға арнайы қонақ – Серік Есматовты шақырды. Серік Қазақстан Республикасының ұлттық паралимпиадалық командасының ойыншысы, "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасының қатысушысы, әрі рухы мықты тұлға. Өнерін көрсеткен жас спортшы балаларға қолдау көрсетіп қана қоймай, жолда кездесетін қиындықтарға қарамастан, кез келген мақсатқа қол жеткізуге ынталандырды.

Мереке отбасылық атмосфераға, естен кетпес көріністер және балалардың шын пейілінің ерекше жылулығына толы болды.