Нұрлан Смағұлов зардап шеккендерге көмекке 1 миллиард теңге жібереді
Нұрлан Смағұлов қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің, бейбіт азаматтардың отбасыларына, туған-туыстарына көңіл айтады және Қазақстандағы қайғылы оқиғалар кезінде зардап шеккен отандастарға қолдау білдіреді.
"Туған қаласын қорғап, бұл күндері алдыңғы шепте ерлік, ұстамдылық пен қайсарлық көрсеткен баршаңызға зор алғысымды білдіргім келеді", - деп атап өтті қазақстандық кәсіпкер.
Қала тұрғындарының шұғыл шақыртуына барар жолда Алматы қаласының Жедел медициналық көмек қызметінің қызметкерлеріне шабуыл жасалып, жедел жәрдем көліктері істен шықты. Медицина қызметкерлерінің қатарға тезірек қосылуына тілек білдіреміз және дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алу аппараттарымен (ЖТА), электрокардиографтармен (ЭКГ) және басқа да неміс және итальян жабдықтарымен жабдықталған жаңа С санатындағы Hyundai H350 Ambulance он реанимобилін береміз.
Сондай-ақ, Astana Group қаза тапқандардың отбасыларына, зардап шеккен отандастарға көмекке, Алматы қаласын қалпына келтіруге және әлеуметтік қолдауға 500 млн теңге бөлді.
Айта кетейік, Astana Group тобына "Астана Моторс" компаниясы, MEGA сауда-ойын-сауық орталықтар желісі, Нұрлан Смағұлов қайырымдылық қоры кіреді.