Нұрлан Смағұлов: «Біздің міндет – автозауыттарымыздың айналасында ШОБ кластерін дамыту»

Астанада өткен Қазақстан машина жасаушыларының XI форумында қатысушылар отандық автоөнеркәсіптің өзекті мәселелерін, беталыстарын және болашақ дамуын талқылады.

Машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan Machinery Fair 2023 халықаралық мамандандырылған көрмесі, 2023 жылдың 11 мамыры

Машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan Machinery Fair 2023 халықаралық мамандандырылған көрмесі Форум аясында бас қалада өтіп жатыр. Бұл жерде Австрия, Германия, Италия, Франция, Швейцария, Израиль, Канада, Қытай, Түркия және басқа елдерден келген 250-ден астам экспонент ұсынылған. Форумға қатысқан қазақстандық-қатысушылар ішінде Hyundai Trans Almaty және Hyundai Trans Kazakhstan еншілес компанияларының коммерциялық техникасы мен жеңіл автокөліктерін, сондай-ақ Алматыда салынып жатқан мультибрендті зауытта өндіруді жоспарлап отырған қытай брендінің автокөліктерін ұсынған «Астана Моторс» компаниясы бар.

Машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan Machinery Fair 2023 халықаралық мамандандырылған көрмесі, 2023 жылдың 11 мамыры

Үкімет пен машина жасау саласының өкілдері талқылаған басты тақырыптар: локализация, жаңа технологияны енгізу және экспортты көтермелеу.

«Алдымызда қолжетімді қаржы құралдарын жасау, жаңа технологияны ендіру, жергілікті құрамды ұлғайту және экспортты көтермелеу арқылы машина жасайтын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттыру міндеті тұр», — деп айтты Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Бұған қоса, үкімет басшысы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы, сондай-ақ машина жасау жөніндегі білікті кадрларды дайындаудағы индустрияландырудың рөлін ерекше атап өтті.

«Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, өз кезегінде, экономиканы дамыту мақсатында Қазақстанда технологиялық кластерді қалыптастыру бойынша компанияның жоспарларын атап өтті.

«Үкіметтің машина жасау сферасының дамуында ойнайтын стратегиялық рөлін көріп отырмыз және оны бағалаймыз, өз кезегімізде, біз елдің индустриялануына инвестициялаймыз. Біздің міндет – біздің автозауыттар айналасында автоқұрамдастарды өндіретін шағын және орта кәсіпорындар кластерін дамыту. Біз автоқұрамдастарды өзіміз өндірмеуіміз керек, біз шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындарды тапсырыстармен және технологиялармен қамтамасыз етуіміз керек. Біз шағынторапты автокөліктер өндіріс меңгердік, локализацияны тереңдетіп жатырмыз, автоқұрамдастар өндірісін ұйымдастырамыз, кластерлік экономиканы дамытамыз», - деді Нұрлан Смағұлов.

Машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan Machinery Fair 2023 халықаралық мамандандырылған көрмесі, 2023 жылдың 11 мамыры

Автокөлік көрмесіне ресми келу барысында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловқа Hyundai Trans Kazakhstan алматылық зауытында шығарылған, отандық өндіріс болып табылатын Hyundai Staria жедел медициналық жәрдем көлігін таныстырды.

Машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan Machinery Fair 2023 халықаралық мамандандырылған көрмесі, 2023 жылдың 11 мамыры

Минивэн автоматты беріліс қорабымен және толық жетекті, көлемі V6, 3,5 литрлік бензин қозғалтқышымен жабдықталған. Медициналық бригадаға арналған Hyundai Staria алдыңғы қатарлы неміс және итальян жабдықтарымен, атап айтқанда, дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алу аппараттарымен (ЖТАА), электрокардиографтармен (ЭКГ) және т.б. жасақталған.

forbes.kz