ЖАҢА HYUNDAI “ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМДЕРІ” АЛМАТЫДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Жедел медициналық қызмет көрсететін автомобиль паркі “Астана Моторс” компаниясының автоқұрастыру кәсіпорнында шығарылған 28 жаңа Hyundai реанимобильдерімен толыға түсті. Кілттерді табыстау салтанатына Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Hyundai H 350 Ambulance моделі науқастарды жайлы және қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті. Ол екі жағында да жылжымалы есік қарастырылған оңтайлы жобаланған салонға ие, барлық керекті құралдармен және кондиционермен жабдықталған. Машиналардың бәрі Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған стандартқа сәйкес және заманауи жабдықтармен қамтылған: дефибрилляторлар, электрокардиографтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, оттегі баллондары. Hyundai H350-ді құрау кезіндегі қазақстандық үлес негізгі модельді заманауи арнайы құралдармен жабдықтауды қоса алғанда 33%-ға жетеді.
“Медициналық қызметті техникалық жағынан жаңарту ары қарай жалғасады. Соның ішінде жедел жәрдем бригадасы да бар. Біздің міндетіміз дәрігерлер “алтын уақыт” ережесін мүлтіксіз орындап, жедел жәрдемді уақытылы көрсетулері үшін барлық жағдайды жасау”, – деді Б. Сағынтаев.
Hyundai H 350 Ambulance-тің бәсекелестері алдындағы артықшылығы –жоғары сапасы, пайдалану кезіндегі сенімділігі және төзімділігі. Автомобильдерге – 3 жыл немесе 150 000 км жүрісті құрайтын – өндіруші кепілдігі ұсынылған – қарқынды пайдалану кезінде жоғары сапалы сервистік қолдау аса маңызды.
Hyundai Com Trans Kazakhstan (“Астана Моторстың” еншілес компаниясы) коммерциялық техника дистрибьюторы ҚР Денсаулық сақтау министрілігі мен ҚР ТЖМ бұған дейін де отанымызда құрастырылған заманауи жедел жәрдем автомобильдерімен және реанимобильдерімен қамтасыз етті. Мысалы, 2012 жылы ТЖМ-не Hyundai County автобусы негізінде арнайы тапсырыс бойынша дайындалған 6 реанимобиль, 2013 жылы – 14 осындай реанимобиль, ал 2014 жылы Hyundai H1 негізіндегі реанимобильдің 40 бірлігі қойылды.
Үстіміздегі 2019 жылдың соңына дейін компания қосымша Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖМККА-на жедел жәрдем машинасының 52 бірлігін, сондай-ақ Шымкент қаласы ЖМККА-на 100 автомобиль қояды.