Астана Моторс» және Hyundai Auto Kazakhstan-да жаңа тағайындаулар

Денис Александрович Коломацкий ақпан айының соңында Hyundai Auto Kazakhstan директоры қызметінен кетті. Наурыз айынан бастап Қазақстандағы Hyundai дистрибуциясын бұрын «Астана Моторс» дилерлік желісін дамыту жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған Марат Мұратбекұлы Смағұлов басқарады.

Марат Смағұлов өзінің мансабын маркетолог ретінде бастады, өңірдегі Hyundai брендінің имиджін құру үшін жұмыс істеді және клиенттермен қарым-қатынасты дамытты. Сондай-ақ, Hyundai және Toyota дилерлік орталықтарында сату департаменттерін басқарды, «Тойота Центр Астана» директоры болып жұмыс істеді.

Өз кезегінде «Астана Моторс» дилерлік желісін дамыту жөніндегі директор ретінде Дархан Алтынбекұлы Әлімұқанов тағайындалды. Бұған дейін ол «Бавария Астана» және «Тойота Центр Астана» дилерлік орталықтарының директоры болған.