ЖАҢА HYUNDAI SONATA ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДА
Hyundai Sonata-ның жаңа буыны қазақстандық нарыққа шығуға дайын: 2019 жылы 21-ші қарашада Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы ("Астана Моторс" құрамында) халықаралық медиа тест-драйв өткізді, оған Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан журналистері қатысып қайтты.
Hyundai Sonata 1985 жылдан бері бүкіл әлем бойынша сәтті сатылып келе жатқан Hyundai-дың ең ежелгі моделінің табысты тарихының кезекті тарауын ашып отыр. Sonata-ның сегізінші буыны өзіне дейінгілерге мүлде ұқсамайды: мұнда Hyundai — Sensuous Sportiness ("Сезімтал спорт") маркасының жаңа дизайнерлік тілі қолданыс тапқан. Енді Sonata төрт есікті купенің спорттық келбетімен көз тартады. Қарқынды пропорциялар алдыңғы модельдермен салыстырғанда анағұрлым өскен динамикалық көрсеткіштерді байқатады.
Sonata моделін жаңартуға Калифорниядағы Hyundai маркасы дизайн-студиясының мамандары жұмыс істеді. Автомобиль нарыққа әлдеқайда айбатты келбетпен, радиатордың жан-жағындағы айқын жарық аспаптармен шектелген жаңа каскадты шілтерімен, жаңа артқы бөлігімен шығады. Көз тартар кескінді бүйірлік әйнектің хромдалған жиектемелері мен жаңа дизайндағы дөңгелек дискілері толықтыра түседі. Модельдің шанағы жүргізуден алатын әсерді толықтай өзгертуге мүмкіндік беретін, Hyundai платформасының жап-жаңа үшінші буыны негізінде жасалған.
Бұл Hyundai брендінің үшінші буынға жататын жаңа инновациялық модулі негізінде жасалған алғашқы автомобилі. Бұл платформа әмбебап: ол түрлі сегмент үшін автомобиль шығаруға мүмкіндік береді, сондай-ақ дизайн, экономика және қауіпсіздік саласында елеулі инновацияларымен ерекшеленеді.
Жолаушыларды тоғыз қауіпсіздік жастығы қорғайды, ал жүргізушіге ұсынылатын озық көмек жүйесі (ADAS) жүргізу кезінде көзге көрінбейтіндер туралы еске салып тұрады. Сонымен қатар, кей жағдайларда жүйе апаттың алдын алып, жүргізушіге қауіпті жағдай туралы уақытылы хабар бере алады.
Жүргізушіге ұсынылатын көмек жүйесінің басты қызметтері үш радар датчигі, сегіз ультратолқын датчик және бес видеокамера алатын деректер негізінде жұмыс істейтін Hyundai Smart Sense жүйесі аясында жинақталған.
Жинақталымына байланысты ADAS жүйесіне келесі қосымша жүйелер енгізілген:
- қозғалыс жолағында демейтін көмекші;
- соқыр аймақта соқтығыстың алдын алатын көмекші;
- жүргізушінің шаршағанын бақылайтын көмекші;
- соқыр аймақты қадағалайтын көмекші;
- қозғалу және тоқтау қызметі бар круиз-бақылау;
- жолда қозғалу көмекшісі;
- айнала шолатын артқы көріністі бақылау дисплейі;
- артқы жақта көлденең қозғалып келе жатқан көлікпен соқтығысудың алдын алу жүйесі;
- тұраққа қойғанда көмектесетін көмекші.
Проекциялық дисплей (HUD) қауіпсіз жүргізуге салмақты үлесін қосып отыр. Проекцияланатын кескіннің сегіз дюймға тең көлемі мен ғажайып айқындығының арқасында ақпарат жарықтанудың кез келген жағдайында жеңіл әрі ыңғайлы оқылады.
Автомобиль жайлылық пен қолайлылықты арттыратын люкс класты автомобильдерге тән бірнеше озық қызметтер мен жүйелерге ие болды. Олардың қатарына электр жетекті тұрақ тежеуіші, багаж бөлігі қақпағының қашықтықтан ашылуы, жоғары жылдамдықты сымсыз зарядтау жүйесі, стандартты жиынтықталымдағы Apple Car Play және Android Auto интерфейстері, жылытылатын және желдетілетін алдыңғы отырғыштар, сондай-ақ бөлінген жазылмалы артқы отырғыштар кіреді.
Қазақстанда сатып алушылардың таңдауына екі бензинді күштік агрегат ұсынылады. Олар тамаша динамикалық сипат пен жанармай үнемділігінің жоғары деңгейін қамтасыз етеді:
- 2,0-литрлі қозғалтқыш MPI, минутына 6200 айналым кезінде 152 ж.к. қуаттылығын береді және минутына 4000 айналым кезінде айналу сәті 196 Нм-ге тең болады;
- Smartstream 2,5-литрлі қозғалтқыш MPI, минутына 6000 айналым кезінде 180 ж.к. қуаттылығын береді және минутына 4000 айналым кезінде 237 Нм-ге тең.
Қозғалтқыштар екінші буынның 6-сатылы автоматты беріліс қорабымен агрегатталған. Жаңа буынның Sonata моделі жүргізушімен арада максималды өзара байланыс орнатуды қамтамасыз ету үшін жасалған. Динамикалық сипаттамалар шанақтың спорттық дизайнына толықтай сәйкес келеді. Сонымен қатар, конструкторлар рөлдік басқаруды жетілдіріп, нәтижесінде басқарушылықты жақсарта түсті.
Hyundai Sonata-ның ҚР-дағы жаңа моделінің құны 9 290 000 теңгеден басталады.