«АСТАНА МОТОРС» КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕБІНДЕГІ ЖАҢА МЕДАЛЬ

2022 жылғы 16 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы алдындағы елеулі жетістіктері мен сіңірген айрықша еңбегі үшін Hyundai Trans Auto өндірісінің жетекшісі Мусаров Садықжан Абдулович «Ерен еңбегі үшін» марапатына ұсынылды!

Садықжан Абдулович «Астана Моторс» құрылымында 20 жылға жуық қызмет етіп келеді! Осы уақыт ішінде ол SUBARU MOTORS Almaty автомеханигінен Hyundai Trans Auto өндірісінің жетекшісіне дейінгі мансаптық жолмен өтті.

Әріптестері Садықжан Мусаровты қайырымды, білгір, жауапты маман ретінде біледі. Өзінің кәсіби қасиеттері мен дағдыларының арқасында былтыр Садықжан Абдулович Hyundai Trans Auto өндірісінің жетекшісі атанды. Тап сол 2021 жылы Садықжан Абдуловичтің салаға сіңірген еңбегі «Еңбегім еліме» құрмет белгісімен атап өтілді!

slider_191
slider_192
slider_193
 

«Астана Моторс» ұжымы Садықжан Абдуловичті мемлекеттік марапаттың берілуімен құттықтайды және компания мен ел игілігі жолында одан әрі кәсіби жетістіктерге жетуді тілейді!