ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА HYUNDAI TUCSON-ды САТУ БАСТАЛДЫ

Төртінші буынды Hyundai Tucson "Астана Моторс" компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауытының конвейерінен шығарылды.

Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы нарыққа Comfort, Travel, High-teck және Luxe жиынтықталымдарындағы кроссоверді ұсынды. Hyundai Tucson автокөлігінің бағасы жиынтықталымына байланысты 10 млн. 890 мың теңгеден басталады.

Жаңа буындағы Hyundai Tucson-ға модель тарихындағы өзге дәуірді бастау міндеті жүктелді. Бұл тұсаукесер Hyundai брендін ұнататындардың ерекше назарына ілікті, себебі құрастырушылар Sensuous Sportiness ("Сезімтал спорттылық") фирмалық стиліндегі бейнеден бастап технологиялық жабдықтауға дейін автокөліктің әрбір бөлшегін жіті ойластырған.  

Бірінші таң қалдырғаны - жаңа автокөлік экстерьерінің футуристикалық дизайны, кең жайлы салоны және ыңғайлылықтың жоғары деңгейі. Hyundai Tucson-да жеке турға да, отбасымен саяхатқа да шығу ыңғайлы.

Артқы орындықтарды жинағанда багаж көлемі 1 903 литрге дейін жетеді.

Модельді жасаушылардың инновациялық шешімдері - ашық жақтаусыз аспаптар панелі құрметке лайық. Кроссовердің мультимедиялық жүйесінде 10,25 дюймдік дисплей және KRELL премиум-класының аудио жүйесі бар.

Сенсорлық экранды басқарудың және смартфонмен жылдам синхрондаудың арқасында жүргізуші Apple Carplay немесе Andriod Auto қызметтері арқылы жеке контентіне қол жеткізе алады. 

Hyundai-нің соңғы ойлап тапқаны – Smartstream қозғалтқыштар тобы – 2,0 литрлік қуаты 150 а.к. және 192 Нм, сондай-ақ 2,5 литрлік қуаты 190 а.к. және 242,2 Нм қозғалтқыштардың екі модификациясында қолжетімді.

Екі литрлік қозғалтқышпен базалық жиынтықталымдағы автомат және механика алты сатылы беріліс қораптары біріктірілген, сонымен бірге толық немесе алдыңғы жетекті таңдау мүмкіндігі бар . Жаңа Hyundai Tucson моделіндегі 2,5 литрлік қозғалтқыш сегіз сатылы автомат қораппен жабдықталған  және толық жетекте ұсынылды.

 HTRAC интеллектуалды толық жетекті жүйесі кез келген ауа райында көлік жүргізу сенімділігін қамтамасыз етеді. Жүйе көліктің жылдамдығын, жолдың жай-күйін бақылап отырады және айналу сәтін төрт дөңгелектің арасында автоматты түрде бөледі, ал қажет болған жағдайда дөңгелектердің әрқайсысын тежейді, осылайша ауа райы қолайсыз кезде жолмен сенімді ілінісуді және бағдарлық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

 Жүргізуші жолда кетіп бара жатып белгілі бір жүргізу стиліне сай келетін жүргізу режимдерін таңдай алады: NORMAL – күнделікті жүргізу үшін, ECO – отынды барынша тиімді пайдалану үшін, SPORT – жылдам үдеу үшін, SMART – берілістерді ауыстырып қосу интервалдары белгілі бір жүргізу стилі байланысты автоматты түрде реттеледі.  

Қасбеттік соқтығысуды болдырмау жүйесі (FCA) жүргізушіні ықтимал қауіптер туралы ескертеді және алдағы көлікпен соқтығыспас үшін тежегішті басады.

 Сонымен қатар жаңа модельді жасаушылар автомобильге артқы жағына орнатылған радарлар көмегімен соқыр аймақтар аймағындағы жағдайды бақылайтын жүйені енгізді.   Автомобильдің айналасында кедергілер анықталған жағдайда алдыңғы және артқы тұраққа қою датчиктері автомобильді тұраққа қою кезінде зақымдануды болдырмауға көмектесе отырып, жүргізушіге кедергілер мен қауіпті жақындасу туралы ескертеді.

Адаптивті круиздік басқару белгіленген жылдамдық пен алдыңғы көлікке дейінгі қашықтықты сақтайды.

Бұрылу көрсеткіші қосылған кезде, бүйірлік айнадағы камерадан алынған бейне аспаптар панелінің дисплейіне шығарылады, бұл жүргізушіге автомобильдің айналасындағы жағдайды сенімді бақылауға көмектеседі.

Hyundai Tucson моделімен толығырақ осы жерде танысуға болады.

Анықтама телефоны – 7007, тәулік бойы жұмыс істейтін «Астана Моторс» байланыс орталығы.