HYUNDAI CRETA КӨЛІГІНІҢ ЕКІНШІ БУЫНЫ ҚАЗАҚСТАНДА

Астана Моторс" компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауыты отандық нарыққа Hyundai Creta көлігінің екінші буынын шығара бастады.

"Астана Моторс" компаниясының құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы, еліміздегі барлық дилерлік орталықтарда жаңа үлгідегі Hyundai Creta-ның Dynamic, Style, Prime және High-Tech жиынтықтары сатылымға шыққанын хабарлады.   

Автокөліктің сапасы Hyundai-нің жоғары стандарттарына сай жасалған. Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы барлық қызметтер брендтің негізін қалаушы - Hyundai Motor Company (Оңтүстік Корея) бекіткен техникалық процестерге сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.

Жаңа үлгідегі Hyundai Creta қалалық кроссовері өзінің жеке стилімен ерекшеленеді. Сыртқы элементінде - футуристикалық эстетика мен харизма  біріккен. Көліктің жарық шамдары үйлесімді және қараңғыда жақсы көруді қамтамасыз етеді. Тағы бір өзгешелігі – бүйіріне орнатылған бумеранг тәріздес сәнді деталь.  

Қауіпсіздік пен жайлылық - 2021 жылғы Hyundai Creta-ның басты басымдығы. Жаңа модельдің интеллектілігіне көп көңіл бөлінген, сондықтан "Ақылды Creta" деген лақап аты  бар. Кроссовер ең алдымен көлік иесін ескерту мен қорғауды "ойлайды". Көлікте тұрақтылықты басқарудың кіріктірілген жүйесі және қауіпсіздік қызметтері орналастырылған, соның арқасында жүргізуші өзін сенімді сезінеді және жанындағы жолаушыларға алаңдамайды.

Жаңа Hyundai Creta алдыңғы жетекті немесе толық жетекті, автоматты беріліс қорабы бар, 2,0 литрлік Nu қозғалтқышы, 150 а.к. және 191 Нм қуаты, сонымен қатар механикалық беріліс қорабында 123 а.к. және 151 Нм-ге 1,6 литрлік Gamma қозғалтқышы бар нұсқаларында қол жетімді.  

 Hyundai Creta көлігінің екінші буынының ұзындығы 4300 мм, ені 1790 мм дейін ұзарды, енді көлікте жүргізушіге де, жолаушыларға да көбірек орын бар. Жүк салғышы 31 литрге ұлғайып, 433 литр болды. Кабинадағы басқару элементтері жақынырақ және жинақы бола түскен.

Қосымша жайлылық үшін көлік көптеген жетілдірілген қызметтер және электронды жүйелермен жабдықталған. Олардың арасына 7 дюймдік түрлі түсті экраны бар Supervision бақылау тақтасы, сымсыз зарядтау жүйесі және электронды тұрақ тежегіші кіреді.

Кроссовердің мультимедиялық жүйесі 10,25 дюймдік дисплеймен, 8 динамигі бар Bose Hi-Fi аудио жүйесімен жабдықталған. Смартфонмен жылдам синхрондау функциясы бар сенсорлық экранды басқару өте ыңғайлы және жүргізушіге Apple CarPlay немесе Android Auto қызметтері арқылы жеке музыкалық жинағына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Drive Mode Select жүйесінің көмегімен жүргізудің үш режимінің бірін таңдауға болады: Sport – жылдам жылдамдыққа арналған, Normal – күнделікті жүргізуге арналған немесе Eco – максималды жанармай үнемдеуге арналған.

Беріліс үшін басқару электроникасының жұмысының үш алгоритмі қарастырылған, олар: Snow- қар, Mud- балшық және Sand - құммен жүру.

2021 жылғы Hyundai Creta  көлігінің бағасы жиынтығына байланысты 9 миллион 090 мың теңгеден басталады.

Қазақстанда Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторының дилерлік орталықтарында ұсынылған Hyundai автокөліктеріне 5 жылдық немесе 100 мың шақырым кепілдік беріледі.

Еске сала кетейік, Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторының дилерлік желісіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Семей, Тараз қалаларындағы 20 автоорталық кіреді.

Hyundai Creta-ның екінші буынымен толығырақ мына жерден танысуға ​​болады.