Subaru маркасы сенімді көліктердің ТОП-5 рейтингісіне енді

Америкалық Consumer Reports журналы көліктер сенімділігінің жыл сайынғы рейтингісін жариялады.

 Әртүрлі автомобиль рейтингтерінде сенімділік туралы сөз қозғалғанда міндетті түрде Subaru маркасының кем дегенде бір өкілін кезіктіруге болады. Биыл Consumer Reports рейтингісі 500 мыңнан астам автомобиль және, шамамен, 300-дей үлгі туралы мәліметтерге негізделді. Сауалнамаға қатысқан автомобиль иелері өздері тап болған барлық түйткілдерді көрсеткен. Ең сенімді автомобильдердің Топ-5 рейтингісіне Subaru маркасы кіріп, Subaru XV үлгісі арқылы өз позициясын +2 орынға жақсартты (XV үлгісінің америкалық Subaru бөлімшесі қатарындағы атауы Crosstrek).

Жоғары сенімділік пен техникалық құрауыш, қауіпсіздік және сапаның тұтынушылық көрсеткіштеріне айрықша назар аударылады. Бұған себеп – бөлшектердің көпшілігі Subaru Corporation өндіруші зауытының өзінде өндіріледі. Көптеген автоөндірушілер түрлі өндіруші-фирмалардың түйіндері, агрегаттары мен жүйелерін пайдаланып, сондықтан да бұйымдардың сапасын бақылай алмаса, мұнда сапаның 100% бақылануы қамтамасыз етіледі.

Subaru өндірушілері отбасылық құндылықтар мен рөлді алаңсыз басқаруға ерекше мән береді, бұл тұста жүргізушіге көмектесетін Subaru EyeSight ("АйСайт")* қосымша жүйесі бар. EyeSight жүйесі бейімді круиз-бақылау, автоматты түрде шұғыл тежелу, акселераторды апаталды басқару, белгіленген сызықтарды кесіп өткені туралы ескерту, көлік алдында келе жатқан көліктің қозғала бастағаны туралы ескерту сияқты қызметтерді қамтиды.

 

Жаңа буынға жататын Subaru Forester артта келе жатқан автомобильді анықтайтын SRVD жүйелер кешеніне ие. Ол 4 қызметті қамтиды: қозғалыс қатарын ауыстырғанда, артқа қарай жүргенде ескерту, көрінбейтін аймақтарда нысандарды анықтау, артқа қарай жүргенде автоматты түрде тежелу. Көліктің артында кедергі бар екенін анықтағанда, жүйе жүргізушіні ескертіп, осылайша соқтығысудан сақтайды.

 

Subaru барлық автомобильдерін 800 000 теңгеге дейін үнемдей отырып, Subaru Trade-in айырбастау бағдарламасы арқылы алуға болады.

Өз қалаңыздан дилерді табыңыз http://subaru.kz/about/contacts.html

*Маңызды: Subaru EyeSight ("АйСайт") – автомобильді автоматты түрде басқару қызметі емес, жүргізушіге көмек беру жүйесі.

Мәлімет: Consumer Reports — АҚШ-тағы "Consumers Union" коммерциялық емес ұйымының ай сайынғы журналы. Журналдың 50 зертханасы мен зерттеу орталықтарында жүргізілетін тестілеу нәтижелері және қолданушылардың пікірлеріне сүйене отырып, тұтынушылық тауарлар мен қызметтерге шолулар әрі салыстырмалы тестілеулер жариялайды.