«Алматы Марафонында»-2014 «Астана Моторс» командасы

"Астана Моторс" ҚМК қайырымдылық "Алматы Марафонына" басынан қолдау көрсетеді. Осы жылы Hyundai брендімен "Астана Моторс" ІІІ халықаралық "Алматы Марафонының" тек ғана демеушісі болып қоймай, алайда ауқымды спорт оқиғасына қатысу үшін өзінің командасын да шығарды.

20 сәуірде оңтүстік астанада марафонның стартына шамамен 10 000 адам шықты. Оның ішінде "Астана Моторс" ҚМК президенті Нұрлан Смағұлов, бас директор Мұрат Алтынбаев, ҚМК шамамен 50 қызметкері, сонымен қатар "Астана Моторс" командасы экиданға (марафон эстафетасы) қатысу үшін құрамында: Виталий Кузеев – қаржы директоры, Ердос Тапаев – қаржы департаменті, Анвар Смағұлов – Hyundai Kazakhstan, Серікжан Айтқұлов – Hyundai Auto Almaty, Айгерим Мухаева – Subaru Kazakhstan және Шокан Хамиев – Hyundai AutoTrans болды.

Марафонға ТМД және Батыс Еуропа елдеріндегі Hyundai Motor Company маркетинг бойынша өңірлік өкілдіктің директоры Крис Кимде қатысты.

Экиден жүйесі бойынша қатысушылар кезекпен келесі қашықтықты жүгірді – 5 км, 10 км, 5 км, 10 км, 5 км, 7 км 195 м – барлығы 42 км 195 м. Жеке марафоншыларға қашықтықтың таңдауы берілді– 3 км, 10 км, 21 км немесе 42 км 195 м.

Осы жылы "Алматы Марафоны" қатысушылардың старттың салымдарынан түскен қаражат жедел емдеуге мұқтаждығы бар 3 жастағы Лик Даринаға және 2 жастағы Кузнецов Артемға жіберілді.

«Астана Моторс» ҚМК Hyundai Motor Company бірге «Hyundai үміт береді» («Hope on wheels») жаһандық қайырымдылық компаниясының шеңберінде Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ-ның Онкология бөліміне Hyundai H-1 Ambulance жедел жәрдемнің жаңа шағын автобусын берді. Бұл жерде компанияға «Добровольное Общество Милосердие» Қоғамдық қоры көмек көрсетті.
2012 жылы Алматы қоғамдық марафондар дәстірлі түрде өтетін ірі әлемдік астаналарға қосылды. Марафонның ұйымдастырушылары қаланың әкімшілігі және World Class Almaty фитнес-клубы. Дені сау өмір салты мен спорт құндылықтарын дәріптеуден басқа, «Алматы Марафон» республикалық мағынадағы қайырымдылық жобаларын қолдауды басты мақсаттардың бірі ретінде қояды.

Жаңғырту:

21 сәуірде кішкентай Лик Даринаның және Кузнецов Артемның емделуіне жетекшілік ететін «ДОМ» қайырымдылық қорында «Алматы Марафонының» қорытындылары бойынша жиналған 10 000 000 тг сомасына ваучердің тапсырылуы болды.
III «Алматы Марафонының» негізгі мақсатына қол жеткізілді!

Осы спорт және еркін жігер мерекесіне барлық қатысушылар мен қолдаушыларға рахмет!