«Астана Моторс» ҚМК Hyundai Auto Kostanai дилерлік орталығын ашуда
1 тамызда Қостанайда Hyundai Auto Kostanai авто орталығының мерекелік ашылуы болды.
Hyundai Auto Kostanai дилерлік орталық Hyundai брендінің – GDSI (Global Dealership Space Identity) ең жаңа стандарттары бойынша құрылған. Барлық "Астана Моторс" ҚМК авто орталықтары сияқты Hyundai Auto Kostanai "үш S" ұстанымы: Sales (автокөліктерді сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сату) бойынша жұмыс істейді.
Жаңа авто орталық қаланың орталығында, Әкімшілік пен орталық алаңның қасында орналасқан. Онда ыңғайлы жерасты жолдар мен сыйымды паркинг бар.
Ғимараттың хай-тек стиліндегі ультра заманауи экстерьері келушілер үшін қонақжайлық атмосфераны жасай отырып, ішкі көрініске керемет үйлеседі. Қазіргі күні авторы Hyundai Motor Company болып табылатын GDSI стандартының осындай жобалары үш елде орындалған: Қытай, Бразилия, Түркия және Корей. Қазақстан үшін осы тізімде бесінші болу үлкен мәртебе.
Автокөлікті рәсімдеудегі жаңа тәсіл тұтынушылардың жоғары класты қызмет көрсетуін де білдіреді. 420 шаршы метрлік алаңы бар кең және таңдаулы шоурумда Қазақстанға жеткізілетін Hyundai автокөліктерінің барлық бірқатар үлгілері, сонымен қатар түпнұсқа қосалқы бөлшектердің, керек – жарақтардың және қаржылық өнімдердің кең таңдауы ұсынылады. Бұл жерде кеңес үшін кабинеті бар жеке премиум – аумақ, бірнеше күту аумақтары және балалардың ойнау алаңдары қарастырылған. Тест – драйв мүмкіндігі ұсынылады.
Hyundai Auto Kostanai авто орталығының жалпы алаңы 2017 шаршы метрді құрайды. Шоурумнан басқа онда сервистік орталық, қосалқы бөлшектердің қоймасы, көлік жуу және кеңсе ғимараттары бар. "Сбербанк" АҚ ЕБ банк-серіктестіктің қатысуы барысында құрылысқа жұмылдырылған салымдардың көлемі - шамамен 520 млн. тг.
Алаңы 577 шаршы метрлік сервистік аумақ заманауи құралмен жабдықталған. Бекет автокөлікке техникалық қызмет көрсету, диагностика және жөндеу бойынша қызметтің толық кешенін ұсынады. Сервис толығымен автоматталған болады, сондай-ақ GDS2 жаңа ұрпағының Hyundai үлгілері үшін диагностикалық құралмен жабдықталады. Ал, сервис орталықтың басты құндылығы - HSTEP & HTRP бағдарламасы бойынша дайындықтан және сертификациядан өткен, біліктілігі жоғары мамандар.
«Астана Моторс» ҚМК Сбербанк» АҚ ЕБ жобаны қаржыландырғаны, Қостанай қ. Әкімшілігіне дилерлік орталықтың құрылысы барысында көмек үшін және құрылыстың мердігері «СК Блиц» ЖШС компаниясына алғыс білдіреді.
Жаңа авто орталықта қазақстандық жиынтықтағы Hyundai автокөліктері ұсынылған. Мәлім болғандай, осы жылдың шілдесінде «СарыаркаАвтоПром» зауытының базасында Қостанайда корей маркасының үш үлгісінің шығарылуы басталған: Elantra седаны, i30 хэтчбек және Tucson кроссовері. Жылдың соңына дейін осында 2700 автокөлікті жинау жоспарлануда. Тамыздан бастап отандық жиынтықтағы үлгілер ҚР бойынша Hyundai барлық авто салондарында қазақстандық тұтынушыға ұсынылатын болады.
Hyundai Auto Kostanai мекен-жайы: Қостанай қ., Нариманов к-сі,136/1.