«Астана Моторс» ҚМК Hyundai Premium Astana дилерлік орталықты ашты
30 шілдеде Қазақстанның астанасында Hyundai Premium Astana авто орталығының мерекелік ашылуы болды
Ол Hyundai брендінің – GDSI (Global Dealership Space Identity) ең жаңа стандарттары бойынша құрылған. Барлық "Астана Моторс" ҚМК авто орталықтары сияқты Hyundai Premium Astana "үш S" ұстанымы: Sales, Service, Spare parts бойынша жұмыс істейтін болады.
Жаңа авто орталық астананың беделді бөлігінде орналасқан және ыңғайлы көлік инфра құрылымына ие. Есіл өзенінің сол жағалауында, Қабанбай батыр даңғылының бойында орналасуы қала атмосферасы мен табиғи ортаның байланысын сезінуге мүмкіндік береді. Қасында басқа сәулет қазыналары, мысалы "Сарыарқа" республикалық велотрегі, "Астана-Арена" спорт кешені, "Алау" мұз сарайы және ең әдемі бульвар Нұржол орналасқан. Жаңа авто орталық Астананың сол жағалауының заманауи түрінің бөлінбес бөлігі болды.
Hyundai Premium Astana дилерлік орталықтың ашылуы – бұл Hyundai автокөлік иелерінің ниетін арттыру үшін жаңа уақыт пен инновациялық стандарттардың бейнесі. Авто орталықтың сәулетінде технологиялар мен экологиялықтың арасындағы баланс байқалады. Ғимараттың хай-тек стиліндегі ультра заманауи экстерьері келушілер үшін қонақжайлық атмосфераны жасай отырып, ішкі көрініске керемет үйлеседі.
Автокөлікті рәсімдеудегі жаңа тәсіл тұтынушылардың жоғары класты қызмет көрсетуін де білдіреді. 1000 шаршы метрлік алаңы бар кең және таңдаулы шоурумда Қазақстанға жеткізілетін Hyundai автокөліктерінің барлық бірқатар үлгілері, сонымен қатар түпнұсқа қосалқы бөлшектердің, керек – жарақтардың және қаржылық өнімдердің кең таңдауы ұсынылады. Бұл жерде кеңес үшін кабинеті бар жеке премиум – аумақ, бірнеше күту аумақтары және балалардың ойнау алаңдары қарастырылған.
Hyundai Premium Astana авто орталығының жалпы алаңы 4 510 шаршы метрді құрайды. Шоурумнан басқа онда сервистік орталық, қосалқы бөлшектердің қоймасы және көлік жуу бар. «Сбербанк» АҚ ЕБ банк-серіктестіктің қатысуы барысында құрылысқа жұмылдырылған салымдардың көлемі 1,65 млрд. тг тең. Авто орталықтың пайда болуы Астананың инфра құрылымының дамуын ынталандырады және 100 астам жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алаңы 2 500 шаршы метрлік сервистік бекет заманауи құралмен жабдықталған және айына 1000-1500 көлікке қызмет көрсетуге есептелген. Бекет автокөлікке техникалық қызмет көрсету, диагностика және жөндеу бойынша қызметтің толық кешенін ұсынады. Сервис толығымен автоматталған болады, сондай-ақ GDS2 жаңа ұрпағының Hyundai үлгілері үшін диагностикалық құралмен жабдықталады. Ал, сервис орталықтың басты құндылығы - HSTEP & HTRP бағдарламасы бойынша дайындықтан және сертификациядан өткен, біліктілігі жоғары мамандар.
«Астана Моторс» ҚМК Сбербанк» АҚ ЕБ жобаны қаржыландырғаны, Астана қ. Әкімшілігіне дилерлік орталықтың құрылысы барысында көмек үшін және құрылыстың мердігері BI Group компаниясына алғыс білдіреді.
Hyundai Premium Astana авто орталығының ашылуы – «Астана Моторс» ҚМК дилерлік желінің дамуындағы ілеспе қадамы развитии дилерской сети. 1 тамызда осындай орталық Қостанай қаласында да ашылады.
Hyundai Premium Astana мекен-жайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 39.