Қазақстанда Hyundai Accent пен Hyundai Creta модельдерінің өндірісі уақытша тоқтатылды
Құрметті клиенттер!
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Ассent және Hyundai Creta модельдерін шығаруды уақытша тоқтатады.
Геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан жиынтықтауыштар жеткізілімі тоқтатылды. Осы уақытқа дейін кәсіпорын қорда қалған жиынтықтауыштарды пайдаланып жұмыс істеді, сондай-ақ Hyundai Motor Company-мен басқа елдерден жиынтықтауыштарды жеткізуге шұғыл квота туралы келісті. Қазіргі уақытта болашақтағы жеткізілімдер және жаңа логистикалық тізбектер туралы мәселе пысықталуда.
Қолда бар барлық жиынтықтауыштар игерілді. Жақын арада жаңа жеткізілімдер күтілмейді.
Hyundai Ассент және Hyundai Creta автокөліктерін күтіп жүрген клиенттерді компания назардан тыс қалдырмайды. Дилерлік орталықтардың менеджерлері клиенттермен жұмыс істей бастады: сатып алушыға кезекте қалып, модельдер өндірісінің қайта басталуын күтуді немесе басқа Hyundai моделіне кезекке тұруды ұсынады.
Айта кетейік, Hyundai Trans Kazakhstan зауыты автокөлік өндірісін ұлғайту бойынша міндеттемелерінен бас тартпайды және модельдік желісін кеңейтеді. Дилерлік орталықтарда қазірдің өзінде i30 ұсынылған, жақын арада Bayon ықшам кроссовері келеді.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша Hyundai дилерлік орталықтарына, сондай-ақ 7007 байланыс орталығына хабарласуға болады.