Қазақстанда Changan CS75 Plus үшінші буынының сатылымы басталды
Фото Changan Auto Kazakhstan
Қазақстанда жаңа Changan CS75 Plus — Қытай нарығында танымалдыққа ие болған қалалық орта өлшемді кроссовердің сатылымы басталды. Қытайлық брендтің елдегі ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» еншілес компаниясы Changan Auto Kazakhstan болып табылады.
Жаңа өнім әсіресе UNI желісінің стилі мен артықшылықтарын бағалайтын автокөлік әуесқойларының назарын аударады. Трапеция тәрізді радиатор торының және біріктірілген артқы шамдардың арқасында көліктің сыртқы көрінісі көлемі бойынша үлкендеу болып келетін Changan Uni-K-ге ұқсайды.
Фото Changan Auto Kazakhstan
Стильді Changan CS75 Plus жатық әрі қатаң сызықтармен ерекшеленген, автокөлік толық жарықдиодты оптикамен, панорамалық шатырмен және 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілермен жабдықталған. Ыңғайлы болуы үшін артқы қақпағында электржетек орнатылған.
Алдыңғы жетекті кроссовердің капотының астында 223 а.к. қуаты бар екі литрлік қозғалтқыш, оның тиімді жұмысына 8 сатылы автоматты беріліс қорабы жауап береді. Максималды айналдыру моменті – 390 Нм. Модельдің клиренсі 190 мм-ге тең, бұл қала ішінде және одан тыс жерлерде жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.
Фото Changan Auto Kazakhstan
Бес орынды салонның интерьерінің жайлылығы мен стилі жоғары сапалы өңдеу материалдарымен қамтамасыз етілген: ашық сұр түсті ендірмелермен қара сұр түсті жұмсақ эко-былғары. Ол тамаша дыбыс оқшаулауына ие, ыңғайлы көп функциялы рулімен, стильді цифрлық аспаптар тақтасымен (12 дюйм) және атмосфералық жарықтандырумен жабдықталған. Оның эргономикалық дизайны ең жоғары жайлылықты қамтамасыз етеді.
Электронды реттелетін, жылытқышы бар алдыңғы орындықтар, ауаны ионизациялау функциясы бар климат-контроль, мультимедиа жүйесінің 12,3 дюймдік сенсорлық экраны және проекциялық дисплей ыңғайлы саяхат үшін жағдай жасайды.
Фото Changan Auto Kazakhstan
Жаңа көліктің бәсекелік артықшылықтарының ішінде интеллектуалды бейімделетін круиз-контрольді атап өткен жөн. Жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігіне жаяу жүргіншілерді анықтау функциясы бар жедел тежеу көмекшісі жүйелері, қозғалыс жолағынан шығу туралы ескертулер, алдыңғы жақтан соқтығысу туралы ескертулер, көзден таса аймақтарды бақылау және айнала шолу камералары жауап береді.
Changan CS75 Plus моделінің премиум санатындағы жайлылығы мен ойластырылған дизайны үлкен қалада және жолда көп уақыт өткізетіндер үшін өте қолайлы.
Фото Changan Auto Kazakhstan
Қазақстан нарығында автокөлік төрт түсте қолжетімді: атомдық сұр, графитті сұр, ақ және қара. Дилерлік орталықтардағы баға барлық жеңілдіктерді есепке алғанда 14 490 000 теңгеден басталады. Толық ақпарат алу үшін 7007 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе елдегі ресми Changan Auto дилерлеріне хабарласыңыз.