ТОЛЫҚ ЖЕТЕКТІҢ ЖҰМЫСЫ НЕМЕСЕ SUBARU «БАЛШЫҚ ВАННАЛАРЫН» ҚАБЫЛДАЙДЫ

Күні: 2018 ж. 21 шілдесі

Уақыты: 10:00 – 14:00 сағ.

Орны: Hyundai Trans Auto зауытының аумағындағы Астана Моторстың спорттық полигоны (Алматы қ., Бұқтырма көш., 70).

"Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін Subaru Kazakhstan және Subaru Motor Almaty баршаңызды Subaru кроссоверлерінің тест-драйвына қатысуға шақырады. Әдеттегідей, Астана Моторс компаниясы "Дала бөрілері" командасының бас пилоты Владимир Бородин* қатысушыларға нұсқау беріп отырады.

Бұл жолы ұйымдастырушылар тосқауылға толы арнайы трассаны жетілдіріп, тест-драйвтың бұрынғыдан да қызықты өтуі үшін бар күшін салды. Арнайы трасса телімінде EyeSight жүйесін тексеруге, өр мен ылдидың екі нұсқасынан, тасты жыралардан өтуге және "балшықты ванналарды" қабылдауға болады.

Сонымен бірге кез келген қонақ өзінің жеке көлігін және оның жолсыздық жағдайындағы мүмкіндіктерін арнайы трассада байқап көріп, оны Subaru көліктерімен салыстыра алады.

Еске салсақ, арнайы алаңда келесі жүйелер сынақтан өткізіледі: X-Mode, EyeSight – жүргізушіге көмек беретін жүйе, сондай-ақ Subaru көліктерінің жолсыздық жағдайындағы мүмкіндіктері.

Тест-драйвқа келіп, экстремалды жүргізуді қауіпсіз етуді үйренуге шақырамыз! Subaru кроссоверлерінің бірге сынап көрейік!

*Владимир Бородин - Қазақстан Республикасы автомотоспорт федерациясының вице-президенті (ҚР АМСФ), экстремалды жүргізу мектебінің негізін қалаушысы, Астана Моторс компаниясы "Дала бөрілері" командасының бас пилоты, автокөлік кроссы, ралли бойынша ҚР бірнеше дүркін чемпионы.

 

Суреттер ғаламтордан алынған