Chery-ге сүйіспеншілікпен жеңіске жету

Клиенттер Chery FIFA World Cup 2022 аясында бірікті. Бренд – Катардағы ең ірі футболдық оқиғаның автокөлік серіктесі. Chery брендінің «Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы дистрибьюторы ұйымдастырған спорттық кездесулер сериясы өткен уикендте Алматыда басталып, Астанада жалғасады. Футбол жанкүйерлері, олардың отбасылары мен достары ойындардың тікелей трансляциясын MEGA сауда ойын-сауық орталықтарындағы Chaplin Cinemas кинотеатрының үлкен экранынан бірге тамашалап отыр.

Франция мен Дания арасындағы матчтың трансляциясы көрсеткендей, Алматы футболды жақсы көреді, Chery кроссоверлерімен жүргенді ұнатады және мегаполисті кенеттен соққан аязда рухтандыра алады. 

Ардақ Гайсина: «Менің арманым орындалды, мен Chery Tiggo 7 PRO атты өте жайлы кроссоверді сатып алдым. Енді рақаттанып, жаңа көлігіммен жұмысқа барамын, балаларымды апарамын, маған қатты ұнайды. Матчты бірге тамашалауға Түркиядан келген футбол жаттықтырушысы Седат Чичекті шақырдым, ол менің балаларымды оқытады.  Седатқа Қазақстанның мәдениетімен танысып, чемпионатты бірге тамашалау қызықты деп ойлаймын».

Бренд клиенттері кездесу ұйымдастырушысы ұсынған снектермен және сусындармен жүрек жалғап, төрт сағат бойы мереке мен Chery толқынындағы бірлік ахуалында болды. Chery брендінің ең білімді әрі тапқыр клиенттері – конкурстар мен ұтыс ойындарының жеңімпаздары сыйлықтар алды.

Седат Чичек: «Маған Қазақстан қатты ұнайды! Chery-ге, «Астана Моторс» компаниясына матчты бірге тамашалауға шақырғаны үшін рақмет, мұндағы ахуал тамаша. Жақында Chery автокөлігімен жүріп көрдім – бұл менің алғашқы тәжірибем болды және керемет, өте жайлы болды. Мен брендтің жетістіктерін бақылап жүрмін, бұл таңғалдырады, сәттілік тілеймін!».

Қазақстан үшін Франция мен Дания құрамаларының матчы түн жарымда Франция пайдасына 2:1 есебімен аяқталды, команда плей-оффқа шықты. Осы күндері футбол чемпионатын бүкіл әлемдегі жанкүйерлер, соның ішінде саны 10 миллионнан асқан Chery клиенттері бақылап жүр. Chery Automobile қытайлық автоконцерні қатарынан 19 жыл бойы жеңіл автокөліктер экспортында көш бастап келеді.

slider_199
slider_200
slider_202
slider_204
slider_205
 

3000 астам клиенттің таңдауына байланысты Қазақстанда 2021 жылдың желтоқсанынан бастап Chery Астанада, Алматыда, Қостанайда, Қарағандыда, Павлодарда, Шымкентте, Ақтөбеде, Атырауда, Ақтауда, Оралда ресми түрде ұсынылып, еліміздегі ең танымал автобрендтердің ондығында алтыншы орынды иеленді.


Қазақстандағы Chery туралы толығырақ ақпаратты 7007 телефон нөмірі бойынша тәулік бойғы «Астана Моторс» байланыс орталығынан алуға болады.

First Motor Group қолдауымен.

tengrinews.kz