HYUNDAI AUTO KAZAKHSTAN ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ӨТЕТІН ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАДЫ

Техникалық мамандар Олимпиадасының халықаралық кезеңінде қазақстандық Hyundai ресми дилерінің намысын Hyundai Center Pavlodar (Павлодар қ.) дилерлік орталығының қызметкері Егор Завьялов қорғайтын болады.

Мәскеудегі өңірлік деңгейдегі Олимпиадада жеңіске жеткен Ресей мен ТМД елдерінен келген қатысушылар эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта (әдетте халықаралық деңгей Оңтүстік Кореяда өткізіледі) 2021 жылдың қазан айында өтетін Skills Olympic механиктердің кәсіби шеберлігінің Халықаралық Олимпиадасына қатысады. Hyundai Motor Company осындай форматтағы іс-шараны екі жылда бір рет өткізеді.

Жақында Ресейде (Мәскеу қ.) Ресей мен ТМД елдерінің дилерлік желілері арасында Hyundai дилерлік желісі техникалық мамандарының VIII Олимпиадасының финалдық кезеңі өтті, оған Hyundai Auto Kazakhstan мамандары Егор Завьялов (Hyundai Center Pavlodar ДО, Павлодар қ.) және Григорий Минтян (Hyundai Center Semey ДО, Семей қ.) қатысты.

Техникалық мамандардың жарыстары Мәскеудегі «Hyundai Training Academy» тренинг-орталығында екі кезеңде өтті – автомобиль жүйелері мен компания тарихын білуге арналған жазбаша тест, сондай-ақ автомобильдердегі ақауларды белгілі бір уақыт ішінде іздеп табу. Олимпиадаға Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстаннан 386 техникалық маман қатысты.

Егор Завьялов пен Григорий Минтян Қазақстандағы Hyundai дилерлік желісінің техникалық мамандары Олимпиадасының нәтижелері бойынша үздік атанып, Ресейдегі Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды, оның қорытындысын ағымдағы жылдың сәуір айында Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы шығарды. Іріктеу екі турдан тұрды, қатысушыларды Hyundai Оқу орталығының (Алматы), «Hyundai академиясы» тренинг-орталығының және ТМД елдері бойынша Hyundai штаб-пәтерінің (Мәскеу) сертификатталған оқытушылары бағалады.

Теориялық тест аясында 20 дилерлік орталықтың 56 маман-қатысушысы автомобиль жүйелері мен компания тарихы туралы 30 сұраққа жауап беруі қажет болды. Тек 13 адам өткен екінші турда онлайн-сұхбат өткізіліп, онда қатысушылар Hyundai автомобиль жүйелерінің диагностикасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде, әділ күресте Қазақстан Республикасының екі үздік механигі Егор Завьялов пен Григорий Минтян таңдалды. 

«Олимпиадада жоғары біліктілік деңгейін көрсеткен Қазақстандағы Hyundai ресми дилерлік орталықтарының барлық қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Біздің дилерлік орталықтарымызда өз ісінің нағыз шеберлері жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз. Егор Завьяловты Ресейдегі Олимпиадада көрсеткен тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Егорға Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиадада Қазақстан намысын абыроймен қорғауына тілектеспіз. Мықтысы жеңіске жетсін», - деді Hyundai Auto Kazakhstan директоры Денис Коломацкий.

Ол сондай-ақ Қазақстанда өзісін білетін кәсіпқойлардың жаңа буыны өскендігін және Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы адами капиталды дамытуға және мамандар тобын ұлғайтуға үлесін қосуды жалғастыратынын айтты.