Осындай мамандық бар — машина жасаушы
Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанның машина жасаушылары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.
Республика күнінің қарсаңында «Астана Моторс» еншілес кәсіпорындары – Hyundai Trans Kazakhstan, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan автокөлік зауыттары мен автокомпоненттерді өндіретін Astana Motors Engineering зауыттары қызметкерлерге Компания мен машина жасау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамоталары мен марапаттар табыстап, марапаттады.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Астана Моторс» компаниясынан марапаттарды, грамоталар мен алғыс хаттарды «Астана Моторс» СЕО Бекнұр Несіпбаев табыстады:
«Біз индустриядағы жолдың басында бола тұра, жоғары нәтижелерге қол жеткіздік. Біз терең жергіліктендіруге өтіп, жаңғырту жүргізіп, жаңа кәсіпорынды іске қосуға дайындалып жатырмыз, алда көп жұмыс күтіп тұр. Зауыттың барлық қызметкерін Республика күнімен және Машина жасаушы кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға бақыт тілеймін, кәсіптеріңізде алға қойған мақсаттарыңыз іске ассын! Қазақстанымыз гүлдене берсін!»