КӘДЕГЕ ЖАРАТУ АЛЫМЫНЫҢ ЖАҢА ТАРИФТЕРІ КҮШІНЕ ЕНГЕННЕН КЕЙІН ИМПОРТТЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ БАҒАСЫ ӨЗГЕРЕДІ

Қазақстандағы автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрлеріне арналған кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі 50%-ға төмендейді. Бұл туралы 2022 жылдың 23 ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

«Астана Моторс» компаниясы кәдеге жарату алымының жаңа тарифтері күшіне енгеннен кейін BMW, MINI, Subaru, Haval, Chery («Астана Моторс» компаниясы – бұл брендтердің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы) импорттық автокөліктерінің бағасы кәдеге жарату алымының төмендеу құнына төмендейтінін хабарлайды.

Бұл ретте кәдеге жарату алымы мөлшерлемесінің өзгеруі Hyundai Trans Kazakhstan зауыты шығаратын Hyundai жеңіл автокөліктерінің, сондай-ақ Hyundai Trans Almaty зауыты шығаратын Hyundai, МАЗ коммерциялық техникасының, Golden Dragon жолаушылар техникасының құнына әсер етпейді, өйткені отандық өндірістегі автокөліктер мен техниканың құнына кәдеге жарату алымы кірмейді.

Анықтама телефоны – 7007, тәулік бойы жұмыс істейтін «Астана Моторс» байланыс орталығы.