BMW Х5: Жүйрік қайта оралды
"Астана Моторс" компаниясы құрамына кіретін "Бавария Автоорталығы" су жаңа BMW Х5 көлігінің қазақстандық тұсаукесерін өткізді.
BMW X қатарының беткеұстары төртінші буынында өзіне тән инновациялық артықшылығын сақтап қалған және кез келген жол жабынында жүргізудің нағыз рахатын сыйлап, SAV (Sport Activity Vehicle – Белсенді демалысқа арналған спорттық автомобиль) философиясының мінсіз көрінісі іспетті.
BMW X5 жаңа қозғалтқыштары мен шасси жүйелерінің арқасында бұрынғыдан да әмбабап, жайлы әрі екпінді бола түсті. Автомобиль BMW X5 xDrive50i нұсқасында жаңа сегіз цилиндрлі V8 қозғалтқышына ие болды. Сонымен қатар – алғаш рет BMW X үлгісі үшін алдыңғы және артқы өстің пневматикалық аспасы, интегралды белсенді рөлді басқару және арнайы жол талғамайтын жабдық әзірленген. Жүргізушіге көмек көрсететін электронды жүйелер жиынтығы кеңейді; сонымен қатар жаңа BMW X5-те BMW Live Cockpit Professional жүйесі қолданылады. Ол орталық дисплейді бұрынғыдан да дәл баптап, аспаптар панелін жүргізушінің жеке қажеттіліктеріне сай келтіруге мүмкіндік береді.
Жаңа BMW X5 бұрынғы буынмен салыстырғанда ауқымдырақ, жаңа пропорциялары сыртқы келбетін салмақты, ішкі кеңістігін кең ете түсті. BMW X5-тің алдыңғы бөлігінің басты элементі – тұтас жиектелген, радиатордың салмақты торы. Опциялары ретінде жаңа BMW X5 алыс жарықты басқаратын BMW Laserlight жүйесі бар, Х стиліндегі бірегей дизайнымен ерекшеленетін бейімді жарықдиодты фаралармен жабдықталған.
Интерьерді безендіруде жоғары сапалы мұқият таңдалған материалдар пайдаланылады. Оның ішінде Vernasca былғарысымен стандартты үлгіде әрлеудің жаңа нұсқасы да бар. Sky Lounge панорамды әйнек шатыр, көпқызметті отырғыш, стақан қойғыштарды салқындату және жылыту мүмкіндіктері, сонымен қатар салондағы ерекше жарық салонды ұядай жайлы етеді. Жекелеген басқару элементтерінің әйнектен жасалуы қосымша сән береді.
Жаңа BMW X5-те жүргізушіге көмектің ең озық жүйелері қолжетімді. Ал BMW 7.0 операциялық жүйесі негізіндегі мәліметтерді шығару және бақылаудың BMW X5 буынында алғаш ұсынылып отырған жаңа тұжырымдамасы ақпаратты жүргізушіні барынша жолдан назарын алмайтындай етіп көрсетеді. Мәліметтерді айқын көрсету және құрылымдау арқылы, сонымен қатар бапталатын әрі дербес дисплейлердің арқасында BMW Live Cockpit Professional жүргізушіні қажетті уақытта қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді.
Жаңа BMW X5-тің жабынмен барынша жанасуын, қозғалыс ептілігі және бағытының орнықтылығын BMW xDrive интеллектуалды толық жетегі қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің ең жаңа буыны алдыңғы және артқы өс арасындағы айналу сәтін кез келген жол жағдайында бұрынғыдан да тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Алайда басты жаңашылдық – BMW X5 үшін алғаш рет xOffroad опционалды пакеті қолжетімді. Ол асфальт жолдан тыс төрт режимнің бірін таңдау мүмкіндігін ұсынады. Әрбір режим клиренс биіктігін, трансмиссия мен xDrivе толық жетегі жұмысының бабын, газ педалін басқандағы қарсы әсерді және DSC тұрақтандыру жүйесінің сезгіштігін өзгертіп, автомобильді құм, тас, қиыршық тас немесе қар сияқты түрлі күрделі жол жабындарына бейімдейді.
Жаңа BMW X5 төрт нұсқадағы қозғалтқыштарымен қолжетімді: BMW Individual күш агрегатымен немесе үш қатарлы "алтылық". xDrive50i нұсқасына орнатылатын V8 бензин қозғалтқышы 462 а.к. береді және 650 Нм максималды айналу сәтіне ие, 4,7 секундта 100 км/с дейін айдау екпінін қамтамасыз етеді. BMW X5 xDrive40i нұсқасында қуаты 340 а.к. тең қатарлық алты цилиндрлік бензин моторымен жабдықталған, максималды айналу сәті 450 Нм үдейді. Дизель нұсқаларында екі агрегат ұсынылады: BMW X5 M50d үшін қуаты 400 а.к. және айналу сәті 760 Нм, BMW X5 xDrive30d қуаты 249 а.к. және 620 Нм қозғалтқышпен жабдықталған.
BMW X5 көлігінің арктикалық сұр, ақ минералик, қоңыр терра, сұр софист, көк фитоник және қара сапфир түсті шанақтары қолжетімді. Алайда BMW Individual пакеті бірегей түстерге де тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
Жаңа BMW Х5 базалық жиынтықтары xDrive30d нұсқасы үшін 24 820 000 тг. бастап, xDrive50i нұсқасы үшін 32 385 000 тг. дейінгі соманы құрайды.
Суреттер @Autoblog.insta блогынан алынған