«АСТАНА МОТОРС» СЫРТҚЫ НАРЫҚТАҒЫ ПОЗИЦИЯСЫН НЫҒАЙТУДА

"Астана Моторс" компаниясы құрылған күнін атап өтуге дайындалып жатыр, 2022 жылы тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы автомобиль компаниясы өзінің 30 жылдығын тойлайды.

Жыл өткен сайын "Астана Моторс" көп жылдық тәжірибесі, бизнес әлеуетінің кеңдігі, өндіріс технологиясын жетілдіру және  сыртқы нарықтағы позицияларын нығайту арқылы отандық және шетелдік серіктестерді қызықтырып келеді.  

Өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласында жүк және коммерциялық көліктердің Futuroad Expo Astana көрмесі және автокөліктерді сатудан кейінгі қызмет көрсетудің Automechanika Astana көрмесі өтті. ЭКСПО халықаралық көрме орталығында Hyundai жеңіл автомобильдерінің жаңа модельдері - Palisade, Santa Fe және Tucson, сондай-ақ Hyundai EX6 және Hyundai Pavise жүк көліктері көрсетілді.

ЭКСПО Халықаралық көрме орталығы, Нұр-Сұлтан қ.

Қазақстанда коммерциялық көліктер мен әлемдік маркадағы автомобильдерді «Астана Моторс»  компаниясының еншілес кәсіпорындары - Алматыдағы Hyundai Trans Almaty және Hyundai Trans Kazakhstan шығарады.

Қазақ мотор компаниясы ұсынған Hyundai - өзін сенімді, ыңғайлы, тиімді, жайлы көлік ретінде танытты, сондықтан бизнес өкілдері «Астана Моторспен» ынтымақтастықта ұзақ мерзімді даму барысы мен болашағын көреді. Атап айтқанда, осы жылы маусым айында Hyundai Trans Almaty компаниясы беларуссиялық «Трансконсалт Сервис» коммерциялық автокөліктерінің дистрибьюторымен Hyundai EX 8 жүк көліктерін жеткізу туралы экспорттық келісімге қол қойды.

«10 жылдан астам уақыт бойы Hyundai Trans Almaty зауыты уақыт сынынан өткен өнімдер шығарады. Ұсынылған модельдер арасында 1,5 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері, жолаушылар, муниципалдық, мамандандырылған коммерциялық машиналар бар. Біз сондай-ақ озық еуропалық жабдықтармен жабдықталған Hyundai H350 жедел жәрдем машиналарын шығарамыз. Біздің өнімнің басты артықшылығы - бағасы қолайлы және сапасы жоғары», - деді Hyundai Trans Almaty директоры Әділбек Гаев. 

ЭКСПО Халықаралық көрме орталығы, Нұр-Сұлтан қ.

Қазақстандық зауыт Беларуссияға автомобильдердің алғашқы легін жіберді, нақты айтқанда 12 дана  Hyundai EX8. Жыл соңына дейін Hyundai Trans Almaty «Трансконсалт Сервисқа» тағы 26 дана жүк көлігін тапсырады. Кәсіпорын сонымен қатар өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстанға экспорттайды және экспорт аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Беларусь Республикасындағы бірқатар жүк көліктерінің әлемдік брендтерінің ресми өкілі болып саналатын «Трансконсалт Сервис» бірнеше жылдан бері Hyundai Trans Almaty компаниясымен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. «Трансконсалт Сервис» директоры Сергей Жуковичтің айтуынша, осы уақыт аралығында қазақстандық Hyundai Trans Almaty зауыты шығарған автомобильдер жоғары сапалылығын дәлелдеген. Мұны клиенттердің оң пікірі,  Қазақстаннан келген Hyundai шассиіне негізделген автокөліктердің ұзақ қызмет ету мерзімі растайды.  

«Біз Hyundai Trans Almaty-мен ынтымақтастығымызды үлкен әлеуетпен қарастырамыз. 2021 жылдан бастап зауыт 3,5 тоннадан 18 тоннаға дейінгі Hyundai Mighty және Pavise жаңа ассортиментін ұсынды, бұл жеңіл коммерциялық машиналардан орташа жүк машиналарына дейінгі сегменттерді толығымен қамтуға мүмкіндік берді. Зауыт сонымен қатар шассиді бортты шанақтармен жеткізуді таңдауды ұсынды. Бұл Беларуссияда борттық платформаларды орнату мен өндіру кезінде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, ал тапсырыс беруші сапасына кепілдік беретін толығымен дайын машинаны алады» , - деп атап өтті Сергей Жукович.

Жеңіл автомобильдер шығаратын Hyundai Trans Kazakhstan зауыты өз кезегінде 2021 жылы Беларуссия мен Өзбекстанға өнім жеткізуге экспорттық келісімшарттар жасасты. Қазіргі таңда «Астана Моторс» компаниясы Hyundai жеңіл автомобильдерін Қырғызстан, Украина және Ресейге экспорттау жолдарын қарастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуірінде Алматыдағы индустриалды аймақта Hyundai Trans Kazakhstan зауытының құрастыру цехы жұмыс істей бастады, ал 2020 жылдың 15 қазанында шанақтарды дәнекерлеу және бояу, пластик бөлшектерді бояу цехтары мен компоненттер қоймасы бар кәсіпорын толыққанды іске қосылды.  Кәсіпорынның аумағы 15 гектар жерде 34 мың шаршы метрді құрайды. Өндіріс қуаты бірінші кезеңде - жылына 30 мың дана, екінші кезеңде - жылына 45 мың данаға дейін, үшінші кезеңде - жылына 60 мың данаға дейін.  

Жоба Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің, Қазақстанның Даму Банкінің, Индустрияны дамыту қорының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, KazakExport және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

«Іске қосылғаннан бері біз 20 мыңнан астам көлік шығардық. Hyundai Trans Kazakhstan шығарған автомобильдердің 20%-ы Беларусь Республикасы мен Өзбекстанға экспортталды. Біз экспорт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз және қазірдің өзінде Қырғыз Республикасына автомобильдер жеткізу туралы келісімшарт жасастық», - деді Hyundai Trans Kazakhstan директоры Максим Тарасов.

Hyundai Tashkent City дилерлік орталығы, Ташкент қ.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) вице-президенті Анар Мақашеваның айтуынша, экспорт нарығындағы тұрақты сұраныс қазақстандық кәсіпорындар шығаратын өнімнің сапасын растайды.

«Қазақстандық өнімнің экспорты өндірісті дамытуда таңдалған моделінің табыстылығын растайды. Өндірушілердің жоспарларының қысқа мерзімде жүзеге асып жатқанын көру көңілге қуаныш орнатады», - деп түйіндеді Анар Мақашева.

Қазақстандағы Hyundai автокөліктерінің ресми дистрибьюторы Hyundai Auto Kazakhstan екенін еске саламыз. Hyundai Com Trans Kazakhstan Қазақстандағы Hyundai маркалы коммерциялық көліктерді сатумен айналысады. Екі компания да «Астана Моторс» құрамына кіреді.

Тәулік бойы жұмыс істейтін Astana Motors байланыс орталығына (7007 нөміріне) қоңырау шалып, Hyundai Trans Almaty және Hyundai Trans Kazakhstan шығарған коммерциялық техника, сондай-ақ жеңіл автокөліктер туралы толығырақ ақпарат алуға болады.