«Астана Моторс» және Chery компаниялары «Алматы» индустриалды аймағында автоөнеркәсіптік парк құрайды
2023 жылғы 16 желтоқсанда қытай тарапының шақыруымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Қытайдың маңызды өнеркәсіптік, инновациялық және ғылыми-білім беру орталықтарының бірі Хэфэй қаласына (Аньхой провинциясы) барды.
Аталған сапар барысында Роман Скляр Аньхой провинциясы Партия комитетінің хатшысы Хань Цзюньмен және Аньхой провинциясы Халық үкіметінің төрағасы Ван Цинсянмен келіссөздер жүргізіп, оның аясында тараптар Қазақстан өңірлері мен Аньхой провинциясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің өзекті мәселелерін талқылады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша «Астана Моторс» ЖШС мен қытайлық «Chery International Co., Ltd.» автомобиль жасау компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, онда «Алматы» индустриялық аймағында автоөнеркәсіптік парктің бірлескен құрылысы саласында жоғарыда аталған ҚР мен ҚХР кәсіпорындары арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамытуды көзделген.
Дереккөз: Primeminister.kz