«Астана Моторс» Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарына үш Hyundai көлігін сыйға тартты

Астана, Қазақстан – 2024 жылдың қыркүйегі. «Астана Моторс» компаниясы Kusto Group компаниясымен серіктестікте Қазақстанда өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарына Hyundai автокөліктері берілетінін хабарлайды.

Мәдени мұра мен дәстүрлі спорт түрлерін қолдау аясында «Құнан бәйге», «Топ бәйге», «Аламан бәйге» тәртіптерінде жеңімпаз атанғандарға үш Hyundai автокөлігі табыс етілді. Спортшыларға кілттерді Hyundai Auto Kazakhstan компаниясының директоры Смағұлов Марат Мұратбекұлы табыс етті. Федерация атынан қатысқандар: ҚР Бәйге федерациясының президенті Көпбаев Қанат Шоханұлы, ҚР Бәйге федерациясының бірінші вице-президенті Өсербаев Мұрат Кеңесұлы, ҚР Бәйге федерациясының спортты дамыту жөніндегі вице-президенті Умаров Ұлан Ыбырайахынұлы.

Автокөліктер келесі тәртіптер бойынша қазақстандық жеңімпаздарға берілді:

Шабарман Әмір Серік, сәйгүлік Қамысқұлақ — «Құнан бәйге» (11 000 м) — HYUNDAI SONATA 2024. Сәнді және кербез седан жайлылықты, озық технологияны және жоғары отын тиімділігін біріктіреді.

Шабарман Сержан Бақтыбай, сәйгүлік Холибой — «Топ бәйге» (18 000 м) — HYUNDAI TUCSON 2024 ж. Бұл қалалық кроссовер өзінің күшімен, динамикалық дизайнымен ерекшеленеді және осы жылдың 8 айы ішіндегі Қазақстан Республикасының автокөлік нарығының абсолютті бестселлері болып табылады.

Шабарман Аңсар Арыстанбек, сәйгүлік Айқабақ - «Аламан бәйге» (25 000 м) — HYUNDAI SANTA FE 2024 флагманы. Стильді және кең көлік қалалық орта үшін өте қолайлы, сонымен қатар ұзақ сапарларды ыңғайлы жасауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, барлық Hyundai көліктері Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында шығарылады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарымен кездесу кезінде ең көп жүлделерді қазақстандық спортшылар жеңіп алғаны айтылды.