Астана қаласында Chery Kazakhstan қолдауымен волейболдан инклюзивті турнир өтті

10 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне орай отырып волейбол ойнаудан «Chery Cup – 2025» инклюзивті турнир өтті. Ойындар Паралимпиадалық жаттығу орталығының алаңында өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетімен жаһандық әріптестіктің аясында турнирге Astana Motors құрамына кіретін Қазақстандағы Chery-дің ресми дистрибуциясы қолдау көрсетті.

«Chery Cup» турнирінің басты мақсаты – барлық адамның спортпен шұғылдана алатынын көрсету. Біздің мақсатымыз – паралимпиадалық спорт түрін насихаттау және ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдардың қоғамға сіңуіне көмектесу, сондай-ақ белсенді және салауатты өмір салтының маңыздылығын еске салу», – деп атап өтті Chery Kazakhstan дистрибуцияның басшысы Нұрлан Шамгонов.

Жарысқа алты команда қатысты: Chery Kazakhstan командасы, ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің командасы, Паралимпиадалық жаттығу орталығының командасы («Каспий» қоры), «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК командасы, Астана қаласы әкімдігінің «Елорда» спорт клубының командасы және Астананың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының командасы.

Алаңда достық, бірақ шынымен жарысуға шақыратын атмосфера болды. Ойыншылар әр доп үшін күресіп, рух пен жеңіске деген ерік-жігерде шекара болмайтынын дәлелдеді. Көрермендер үшін бұл қиындықты еңсеру мен бірліктің шабыттандыратын үлгісіне айналды.

«Chery Cup – 2025» инклюзивті турнирінің қорытындысы бойынша бірінші орынды Паралимпиадалық жаттығу орталығының («Каспий» қоры) командасы жеңіп алды. Екінші орынды Астана қаласы әкімдігінің «Елорда» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының командасы иеленді. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК спортшылары қола жүлдегер атанды.

Chery Kazakhstan 2024 жылдан бастап Қазақстанның Ұлттық Паралимпиада комитетінің ресми демеушісі болып табылады. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына Мүгедектектігі бар адамдар үшін жағдайды жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды әзірлеу және қолдау, сондай-ақ Chery-дің қолдауымен бірлескен іс-шаралар өткізу кіреді. 

Серіктестік елімізде паралимпиадалық спортты дамытуға және мүгедектігі бар спортшылар мен адамдар үшін жақсы жағдай жасауға бағытталған.