АЛМАТЫ ЗАУЫТЫ АЛМАТЫҒА 60 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АВТОБУС ҚОЯДЫ

"Астана Моторс" компаниясы Қазақстанда құралған 18-метрлік 60 жаңа Golden Dragon автобустарының топтамасын қояды. Сыйымдылығы жоғары автобустар жолаушылар ағыны қарқынды бағыттарға қызмет көрсетеді. Ең маңыздысы, біріктірілген автобустардың қозғалтқыштары экологиялық таза газ жанармайымен жұмыс істеуге бейімделген.

Автобустардың алғашқы топтамасы үстіміздегі жылдың желтоқсанында бағыттарға шығады, қалғандары 2020 жылдың 29-шы қаңтарына дейін тапсырылады. "Астана Моторс" компаниясының автоқұрастыру кәсіпорнында қазақстандық өндірістен шыққан барлық автобустар Еуро-5 стандарттарының талаптарына сай. Golden Dragon төмен еденді автобустардың кең салонында барлық қауіпсіздік, бейнебақылау, ақпараттандыру, диспетчерлендіру жүйелері және кондиционер бар. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін арнайы автоматты пандустар қарастырылған.  

Автобустар ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "ҚДБ-Лизинг" АҚ-ның қоғамдық көлікті отандық автобустармен жаңарту және жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру аясында сатып алынды. Бағдарлама Қазақстан Республикасы үкіметінің қолдауымен іске қосылған және ол еліміздің автобус парктеріне техниканы келісімшарт құнының 15%-ын алдын ала төлеп, теңгемен жылдық 7% кредиттік мөлшерлемеде, 7 жылға қаржы лизингісіне алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда тұтас ел бойынша 12 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып, тозығы жеткен автобустар паркі 6 мың бірліктен көп екені ескеріле отырып, бағдарлама жолаушыларды тасымалдау желісінде тұрғындарға қызмет көрсету сапасының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Golden Dragon автобустарының елеулі бәсекелестік артықшылықтарының бірі – автобустардың барлық модельдерінде тұтас көтергіш шанақ технолгиясы және катодты электрофорез әдісі қолданылады. Шанақты өңдеудің бұл күрлері процесі автобус шанағын түрлі химиялық құрамдағы резервуарларға бірізді енгізу процесіне негізделген. Процестің нәтижесінде тұтас шанақта тұрақты беріктігі жоғары оқшаулағыш қабықша түзіледі. 

"Астана Моторс" компаниясы танысу тест-драйвтар бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама аясында еліміздегі барлық автопарктер автобустарды сатып алмай-ақ және тағы басқа төлемдерсіз, белгілі бір уақытқа тест-драйвқа алып, алдағы уақытта тест нәтижесі бойынша сәйкесінше автобустарды қала ішіндегі бағдарларда жұмыс істеуге сатып алуды қарастыру мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, компания клиенттеріне және автобус парктеріне сервистік қызметтің түрлі нұсқаларын таңдауды ұсынғалы отыр. Бұл мобильді сервис – компанияның техникалық мамандары жұмыстан тыс уақытта автопарктердің аумағында, сондай-ақ автобус рейс барысында бұзылған жағдайда сервистік қызметтер көрсететін болады.