«АҚЫЛМЕН» САТЫП АЛ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТООРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КРОССОВЕРЛЕР

Гаогун өндірістік институты ең ақылды 10 үздік Қытай көлігін жариялады. Бірінші орынды қазақстандықтарға Haval брендімен танымал Great Wall Motor компаниясы алды.

Нарықты алға жетелейтін нәрсе – бәсекелестік, ал ең қатал бәсекелестік Қытай көлік өндірісінде шығар. Қытай еліндегідей көлік өндірушілер мен өзіндік брендердің саны әлемдегі ешбір елде жоқ. Сондықтан тұтынушының назары мен әмиянына кім көбірек лайық екенін анықтау үшін тұрақты түрде қуатын өлшеу, бағалау, краш-тесттер мен рейтингтер өткізіліп тұрады.

Дегенмен ағымдағы күнгі жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ болашаққа дайындығы: экологиялық тазалығы, технологиялығы, инновациялығы бойынша да жарысады. Гаогун өндірістік институтының ең ақылды Қытай көліктерінің жаңа рейтингінде бірінші орынды Great Wall Motor компаниясы алды. GWM басқа өндірушілерден зерттеу орталықтарының мүмкіндіктері, интеллектуалды технологияларды ендіру көлемі және «ақылды» автокөліктердің нарықтағы үлесі сияқты параметрлері бойынша озып кетті. «Қытай автокөліктері» ақпараттық порталындағы әріптестер өз материалында атап өткендей, «ақылды» индексі – бәсекелестіктегі ең жаңа әрі ең қатал бағыт, өйткені автокөлік мультимедиалық көмекші, кеңесші әрі штурман болуы керек.

Great Wall Motor-дың танымал модельдерінің функцияларын қараған кезде бұл қатты байқалады. Мысалы, үздік жиынтықтағы Haval Jolion жол белгілерін тану жүйелерімен жабдықталған, көзден тыс аймақтардағы жүріс кедергілерін тіркейді, толық жетекті аспадағы датчиктер жол жабынының сапасына талдау жасап, жайлы жүрісті қамтамасыз етеді, айналаға мониторинг жүргізу жүйесі алда келе жатқан және қарсы келе жатқан көлікпен соқтығу қаупі туралы ескертеді, оған қоса бейімделгіш круиз-бақылау, жолақты қауіпсіз ауыстыру және автоматты түрде тұраққа қою. Ақылбек Анарбаев, Haval Motor Kazakhstan директоры («Астана Моторс» еншілес компаниясы) көліктің интеллектуалды жүйесін: «Шаршаған кезіңіздегі сақтық, бір минуттық зейінсіздіктен сақтандыру, нақты уақыт режимінде жол жағдайын бағалау … Жол жүргенде аз күйзеліп, көп рақат алу!» – деп сипаттады.

Haval Jolion бағасы 11, 9 млн теңгеден басталады! Ақылды Jolion-ның IQ-ын Haval дилерлік орталықтарында өзіңіз тексере аласыз: тест-драйвқа арналған көліктер – өз сыншыларын, ал Great Wall Motor зауытынан шыққан жаңа көліктер өз сатушыларын күтіп тұр!