HYUNDAI COM TRANS KAZAKHSTAN ЕУРАЗИЯЛЫҚ АПТАЛЫҚҚА ҚАТЫСЫП ОТЫР

Астана Моторс құрамына кіретін Hyundai Com Trans Kazakhstan Еуразия экономикалық одағы кеңістігіндегі ең ірі халықаралық іскерлік форумы – Еуразиялық апталыққа қатысты. Форум интеграцияны нығайтуға, экономикалық әлеуетті арттыруға және ЕАЭО елдерінің өндірістік кооперациясын кеңейтуге бағытталған.

Еуразиялық апталық бағдарламасына 30-дан астам пікірталас шаралары, сонымен қатар арнайы көрме кірді. Көрмеге ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, сонымен қатар Одақ елдерінің басқа да вице-премьерлері мен министрлері қатысты. Мұнда Hyundai Com Trans Kazakhstan компанияның мүмкіндіктері, атап айтқанда жергілікті өндіріс және шетелдік нарықтарға экспорттау мүмкіндіктерімен таныстырды.

Форум алаңы тікелей B2B байланыстарының дамуына және бәсекеге қабілетті әрі экспортқа бағдарланған өнім жасау үшін әлеуетті тұтынушылар мен инвесторлар ретінде үшінші әлем елдері компанияларын тартуға ықпал етеді.

Hyundai Com Trans Kazakhstan 2005 жылы негізі қаланған. Компания Hyundai маркалы коммерциялық техника (жүк көліктері, автобустар, арнайы техника) сатумен айналысады, корейлік Hyundai Motor Company компаниясының Қазақстан аумағындағы ресми дистрибьюторы.