Hyundai Auto Kazakhstan - қайтадан ең үздік!
Hyundai Motor Company екі жыл қатарынан Hyundai Auto Kazakhstan "ТМД және Батыс Еуропа өңірлерінің ең үздік дистрибьюторы" деп танылды.
2013 жылдың қорытындылары бойынша марапат Стамбулдағы жаһандық дистрибьюторлық конференцияда сәуірде Hyundai Auto Kazakhstan өкілдеріне тапсырылды.
"2013 жылы Hyundai бренді нарықтың 8% алды. "Астана Моторс" компаниясының тарихында – Hyundai автокөліктерінің сатылуындағы жаңа рекорд. 16 700 астам бірліктерді сату бойынша ағымдық жылдың жоспары біздің жаңа, айтарлықтай расталған менмендігімізді көрсетеді", - деп сенеді "Астана Моторс" ҚМК президенті Нұрлан Смағұлов.
Өткен жылы Hyundai Auto Kazakhstan сатылымның рекорд нәтижелерін көрсетті – 12 401 автокөлік (2012 жылға қарағанда 79% өсу). 2012 жылы Hyundai маркалы 6938 жеңіл автокөлік сатылды. 2014 жылы дистрибьютор 16 700 астам автокөліктерді сатуды жоспарлауда. Ағымдық жылдың І тоқсанында 3 190 автокөлік сатылған. Салыстыру үшін 2013 жылдың осы кезеңінде – 1937 бірлік сатылды, өсім 65% құрады.
Қазіргі таңда Hyundai Auto Kazakhstan компаниясының тармақты дилерлік желісі барлық Қазақстан бойынша шамамен 19 авто орталықтары саналады. "Астана Моторс" ҚМК құрамындағы Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьюторы ағымдық жылдың маусым айында GDSI стандарттары бойынша ТМД және Батыс Еуропада аналогы жоқ Алматыда, Астанада және Қостанайда қалаларында үш жаңа авто салондарын ашумен қазақстандықтарды қуантады. GDSI үлгісі – бұл Hyundai Motor Company инновациялық стандарттары бойынша құрылған бірегей, экологиялық – достастық (eco-friendly) дилерлік орталықтар.
"Орындалған жұмыс үшін ең жоғарғы марапат – бұл қазақстанның нарығындағы Hyundai автокөліктерінің талап етілуі және біздің тұтынушыларымыздың қанағаттануы. "ТДМ және Батыс Еуропа өңірлерінің ең үздік дистрибьюторы" сыйақысы өз күшімізде және жаңа жетістіктерде үлкен сенімділік әкелетіндігіне сенімдімін және бұл компания үшін соңғы марапат емес, біздің алдымызды үлкен болашақ күтуде " - дейді Нұрлан Смағұлов.