HYUNDAI САТЫП АЛУШЫЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СЫЙЛАЙДЫ
"Астана Моторс" құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан аумағында ресми дилерлер арқылы сатылған барлық жаңа Hyundai автокөліктері үшін "Сыйлыққа бес ТҚК" бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды.
Осы бағдарламаның шарттарына сәйкес, ресми дилерлерден жаңа Hyundai автокөлігін сатып алған әрбір клиент 10 мың километр жүріс немесе 12 ай аралығымен (қайсысы ерте басталатынына байланысты) бірінші бес мерзімдік ТҚК сыйлық ретінде алады.
Бағдарлама автокөліктің VIN кодына тіркелген және автокөлік иесі өзгерген жағдайда да қолданыла береді.
Техникалық қызмет көрсетуге автокөлікті пайдаланудың тиісті кезеңінде/жүрісінде техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес қосалқы бөлшектерді, арнайы сұйықтықтарды ауыстыру, автомобиль агрегаттарын тексеру қызметтері кіреді.
"Біз үшін қызмет көрсетудегі бірінші талап – автокөлік иесінің қауіпсіздігі және автокөліктің жоғары сенімділігі. Біз тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді қолданамыз. Ресми дилерлік орталықтарда Hyundai сервистік қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз ететін сертификатталған білікті персонал жұмыс істейді", – дейді Hyundai Auto Kazakhstan директоры Денис Коломацкий.
Жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді тұрақты түрде орындау автокөлік иесіне автокөлікті қауіпсіз пайдалануға дайындауға, автокөліктің жоғары қалдық құнын қамтамасыз етуге және автокөлікті техникалық жарамды күйде мүмкіндігінше ұзақ сақтауға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторының желісіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Көкшетау, Семей, Тараз қалаларындағы 21 дилерлік орталық кіреді.
Анықтамалар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін «Астана Моторс» байланыс орталығы – 7007.